Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

53-қадамды іске асыру

09.08.2018 17:40

Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның 53-қадамы «Монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру

53-қадам. «Монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру».

 

Қадамның мәртебесі. Орындалып жатыр

Ұлттық экономика министрлігі монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру бойынша 2 кезеңдік тәсілді әзірледі.    

Бірінші кезеңді іске асыру қорытындысы бойынша 2015 жылғы 29 қазанда оған «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы имплементацияланған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2016 жылғы 17 маусымда Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне қатысушы ретінде қабылданды.

2016 жылы ЭЫДҰ өткізген Қазақстан Республикасының бәсекелестік саясаты мен заңнамасына шолу жарияланды.   

Шолу қорытындысы бойынша бәсекелестік заңнаманы және саясатты жетілдіру және оларды ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру бойынша бірқатар ұсынымдар берілді. Аталған ұсынымдар Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстың негізі болды.   

2016 жылғы 28 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес тұтастай алғанда заңнамаға нарық субъектілеріне әкімшілік жүктемені төмендетуге және монополияға қарсы органның қызметін трансформациялауға бағытталған түзетулер енгізілді.      

Бұдан басқа, жол картасының 1-тармағына сәйкес Министрлік ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік жөніндегі комитетіне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістердің тиімділігіне талдау жүргізу, сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан Республикасының бәсекелестік саясаты мен заңнамасына екінші шолу өткізу мүмкіндігін қарау туралы 2018 жылғы18 тамыздағы № 35-13/566-И хат жіберді.

ЭЫДҰ-ның 2018 жылғы 9 қаңтардағы хатымен Министрліктің атына 2016 жылы жарияланған Қазақстан Республикасының бәсекелестік саясаты мен заңнамасын шолу қорытындысы бойынша ұсынымдарды имплементациялауды талдау мақсатында сауалнама жіберілді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 3529-56 ПАБ тапсырмасына сәйкес № 53 қадам бойынша барлық заңнаманы бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мәніне талдау қорытындысы қажет (2017 жылғы ЖҰЖ-дың 36-т., мерзімі - 2018 жылғы шілде).

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі - ЖҰЖ) 36-тармағына сәйкес  барлық заңнамаға бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мәніне ревизия жүргізу көзделген.   

Бұл ретте, ЖҰЖ жеке, дербес құжат болып табылмайтынын атап өтеміз және ЖҰЖ-дың 36-тармағын іске асыру Ұлт жоспарының 53-тармағын орындаумен байланысты емес.

Ревизияның мақсатын қоғам мүддесіне қауіп төндірместен салауатты бәсекелестікті дамыту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы еліміздегі бизнес-ахуалды жақсарту болып табылады. 

Бірінші кезеңде, Министрлік Кәсіпкерлік кодексте негізі қаланған кәсіпкерлік қызметті реттеу қағидаттарын ескере отырып, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтаудың өлшемшарттары мен тәсілдерін және оларды қайта қарау алгоритмін көздейтін Ревизия жүргізу жөніндегі әдістемені әзірледі

Екінші кезеңде 2017 жылы бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтау мәніне 108 заңға және 972 заңға тәуелді актіге ревизия жүргізілді. Аталған заңнамалық актілерге ревизия жүргізу нәтижесінде бәсекелестікке кедергі келтіретін144 позиция анықталды.

 

Изменен: 09.08.2018 17:42