Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Сіздің пікірлеріңіз

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Картельдермен кім күреседі?

Қазақстан Республикасында бәсекелестікке қарсы келісімдерге (картельдерге) қарсы күрес жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар мыналар болып табылады:

1) Монополияға қарсы орган (Бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады). 

2) Экономикалық тергеп-тексеру қызметі (бәсекелестікке қарсы келісімдердің қатысушыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту). 

Монополияға қарсы органның бірыңғай жүйесін орталық атқарушы орган, оның ведомствосы (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті) және оған бағынысты аумақтық бөлімшелер құрайды.  

Монополияға қарсы органның міндеттері, оның ішінде адал бәсекелестіктің дамуына ықпал ету, Қазақстан Республикасының  бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру болып табылады.   

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) Жауапты хатшысының 2016 жылғы 10 маусымдағы №   144-НҚ  бұйрығының негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымына  өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес Картельдермен күрес басқармасы құрылды. «Картельдермен күрес басқармасы туралы ережеге» (Комитет төрағасының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 170-НҚ бұйрығымен бекітілген) сәйкес оның негізгі функциялары мыналар болып табылады:

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіпте бәсекелестікке қарсы келісімдер (картельдер) белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізу; 

- бәсекелестікке қарсы келісімдердің (картельдердің) алдын алу және жолын кесу.

Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелеріне де Қазақстан Республикасының  бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер берілген. Олардың юрисдикциясының құрамына атап айтқанда бәсекелестікке қарсы келісімдердің алдын алу және олардың жолын кесу мәселелері жатады.

Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 187-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 221-бабы «Монополистік қызметте» көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.