Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Картельдер несімен қауіпті?

Картельдер немен қауіпті? 

Картельдік келісімнің ерекшелігі оған мүлдем тыйым салынғанында болып табылады. Себебі мұндай келісім кез келген жағдайда бәсекелестік жай-күйі үшін қауіпті болып табылады деп есептеледі. Дәл осы себептен ҚР КК 169-бабы 1-тармағының 1-бөлігінде белгіленген тыйым салулар perse тыйым салуларының қатарына жатады, яғни ҚР КК 169-бабының 1-тармағы             1-бөлігінің белгілері бар келісімдердің өздеріне олардың шын мәнінде бәсекелестікті шектеуге апарып соғуына немесе апарып соқпауына қарамастан тыйым салынған. Осыған байланысты монополияға қарсы орган осындай бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде бәсекелестікті шектеу белгілерін анықтауға міндетті емес, бәсекелестікке қарсы келісімге қол жеткізу фактісінің өзімен ғана  шектеле алады.

Картельдік келісімдердің нәтижесі, әдетте, бағаны жасанды көтеру, өндірістің сапалы дамуына, оның тиімділігін арттыруға ынтаны төмендету және нарыққа қол жеткізуді күрделендіру болып табылатын болғандықтан, жоғарыда аталғандай, мұндай келісімдерге бәсекелестік үшін осындай жағымсыз салдарлардың шын мәнінде туындауына қарамастан мүлдем тыйым салынған. Мұндай келісімдерге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген және келісім бәсекелестікке қарсы келісімдердің белгілеріне жауап беретін болса да, оны жол берілетін деп тану мүмкіндігін беретін көптеген ерекшеліктердің күші қолданылмайды.1 


1Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне ғылыми-практикалық түсіндірме, 4-бөлім "Экономикалық бәсекелестік". Экон. ғыл. канд. А. Т. Айтжановтың жалпы редакциялығымен, Астана 2016ж. - 46, 50-беттер.