Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Картель деген не?

Картель – (франц. cartel, итал. cartelio) өндірушілер мен тұтынушылар бірлестігінің нысаны, өндіріс және сату көлемі, бағалар, өткізу нарықтары туралы бейімі жақын кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар тобының ашық немесе ашық емес келісімі.

Картельге ресми түрде түсе отырып, тәуелсіз компаниялар іс жүзінде нарықта дербес әрекеттен және бәсекелестермен бақталастықтан бас тартып, монополия құрады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабының 1-тармағына сәйкес 

Егер нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдер:

1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;

2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға;

3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;

4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;

5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, мұндай келісімдер картель деп танылады және оларға тыйым салынады.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері тұлғалардың бір тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімге де қолданылады.