Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Картельдердің түрлері

Картельдердің түрлері

Картельдерді құрудың мақсаты – бірлестіктің ішінде бәсекелестікті жою, шектеу және регламенттеу және осы келісімге қатыспайтын фирмалардың тарапынан сыртқы бәсекелестікті басу  арқылы пайданы арттыру.

Қазіргі кезде ҚР КК 169-бабы 1-тармағының 1-бөліміне сәйкес  мынадай сипаттағы деңгейлес келісімдер жатады:

 (1)  баға картелі, яғни бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға бағытталған келісім;

Мұндай келісімнің қауіптілігі нарық субъектілерін дербес әрекеттен бас тартуға мәжбүрлей отырып, бағаны жасанды  көтеруге, нарық қатысушыларының дербес әрекеттен бас тартуына алып келуі мүмкін болуында. Осындай келісімге мысал ретінде жиналыстар мен кездесулер шеңберінде тиісті тауарды өндірушілердің ең жоғары  босату бағаларын келісулерін келтіруге болады.

(2) сауда-саттықта сөз байласу, яғни сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға бағытталған келісім;

Әдетте, сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттықтың қандай да бір нәтижесін жасанды жасау үшін  белгілі бір әрекет туралы алдын ала келісулерінен көрінеді. Көбіне мұндай сөз байласулар бірнеше қатысушы ресми түрде тәуелсіз бола тұра, бірлескен кездесулер өткізгенде немесе келісу үшін байланыс және коммуникация құралдарын пайдаланғанда, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылар алдын ала анықталған жоспар бойынша әрекет етті деп болжауға негіз болатын  өзге әрекеттерді жүзеге асырғанда анықталады.

(3)  тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге сөз байласу;

Мұндай картель егер нарық субъектілері  тауар өндірудің белгілі бір көлеміне квоталарды келісетін не нәтижесінде сатып алушылар өнім берушіні еркін таңдау мүмкіндігін жоғалтатын сатып алушыларды өзара бөлетін жағдайда, сондай-ақ келісу қандай да бір өлшемшарттар бойынша нарықты бөлуге қатысты болатын өзге жағдайларда  орын алуы мүмкін. Жоғарыда аталған жағдайлардағы сияқты, мұндай келісімдер нарық субъектілерін дербес әрекет ету мүмкіндігінен айырады.

Келісімге қатысушылардың нарықтық үлесі өте үлкен болғанда нарықты бөлу аса анық және қауіпті болып табылады. Мұндай жағдайда субъектілердің бәсекелестікке қарсы әрекеті тұтас нарыққа ықпал етуге  қабілетті, ал үлкен емес компаниялардың өз сатуларын бөлу туралы келісімдерінің жағымсыз әсері анық болмауы мүмкін.

(4) Тапшылық жасау, яғни өндірісті қысқарту немесе тоқтату;

Әдетте, тапшылық жасау тауардың сатушыларына тиімді, себебі тапшылық бағаны көтеруге әкеп соғады. Монополияға қарсы органның практикасында қазіргі кезде келісімдердің осындай түрлерімен байланысты істер жоқ. Бірақ осындай істер шет мемлекеттердің практикасында жиі кездеседі.   

(5) Бойкот, яғни белгілі бір сатушылармен немесе сатып алушылармен шарт жасаудан бас тарту; 

Жекелеген нарық субъектілерімен шарт жасаудан бас тартуға бағытталған мұндай келісімдердің табиғаты біршама күрделі болып есептеледі. Экономикалық тұрғыдан алғанда, мұндай келісімдер, әдетте, бәсекелестер арасында жасалмайды. Олардың өз өнімдерін сатып алушылардың ортасын шектеуге өзара қызығушылығының болуы екіталай. Ол өнімді өндіруші мен оның өнімін алып сатушылардың ( дистрибьюторлар, дилерлер) арасында жасалады1.   

 1Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне ғылыми-практикалық түсіндірме, 4-бөлім "Экономикалық бәсекелестік".  Экон. ғыл. канд. А. Т. Айтжановтың жалпы редакциясымен, Астана 2016ж. – 47-49-беттер.