Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана, 4 кіреберіс, Орынбор көшесі, 8
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-96-38, 74-95-06
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz
Сенім телефоны: +7 (7172) 74-99-71

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитет туралы ереже

2014 жыл 30 қыркүйек №34

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ережесін бекіту туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының  6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы  № 933 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі  № 1011 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті  (С. М. Жұманғарин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Министр Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 30 қыркүйектегі №_34 бұйрығыменбекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау комитеті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу салаларында, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді, реттеу мен бақылауды, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осыЕрежеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.

6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.

7. Комитеттің құрылымы, штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 4-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Міндеттері:

1) табиғи монополияларды реттеу саласында және реттелетін нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;

2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;

14. Функциялары:

1) монополияға қарсы органның құзыретіндегі мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

2) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

4) табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) осы сала шеңберінде реттеліп көрсетілетіндерге жатқызу тұрғысынан талдау жүргізу;

5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралызаңнамасын қолдану практикасын қорытындылау және оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

6) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігін мониторингілеу;

7) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізу;

8) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту;

9) табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;

10) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметалардыбекіту;

11) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

12) табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын бекіту;

13) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту;

14) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;

15) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту;

16) табиғи монополиялар субъектiлерi үшін тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемесінің) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердiң реттелетiн базасына арналған пайда (таза кіріс) мөлшерлемесін есептеу;

17) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтік санынбекiту;

18) орталық аппаратқа реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлері бойынша оларды бекіту үшін ұсыныстар енгізу;

19) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргізу;

20) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субьектілерінің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілерінің штат кестелерін келісу;

21) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын табиғи монополиялар субьектілерінің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалармен аффилиирленген табиғи монополиялар субъектілерінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу;

22) өңірлік электр желілік компаниясын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеуге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасын келісу;

23) концессиялық ұсынысты, концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, концессия шартына табиғи монополиялар саласына жататын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды келісу;

24) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сумен жабдықтау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау;

25) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкеслицензиялау;

26) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға төлемақы алу мөлшері мен тетігін келісу;

27) табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарына қайта бағалау жүргізуді келісу;

28) тағайындалатын оңалту басқарушысының кандидатурасын және табиғи монополия субъектісінің оңалту жоспарын келісу;

29) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша кірістерді, шығындар мен қолданылатын активтерін бөлек есебін жүргізу әдістемесін келісу;

30) табиғи монополия субъектісінің есепке алу саясатын келісу;

31) магистральдық темiр жол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық тұрғыдан қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, дабыл, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, үйлердiң, құрылыстардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн бекітуге келiсiм беру;

32) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобаларын бекіту;

33) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) бағаларын реттеу;

34) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің бағаларын реттеу;

35) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарт жасасу;

36) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымдар үшін жеке тариф бекіту;

37) лицензиялар тізілімін жүргізу;

38) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;

39) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін ресми интернет-ресурста жүргізу, орналастыру және он күн сайын жаңартып отыру;

40) өз құзыреті шегінде жұмылдыру жұмыстарын және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;

41) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету;

42) қуаттылығы аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің инвестициялық бағдарламаларын келісу;

43) қайталанатын (шунттаушы) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салуды және меншік нысанына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;

44) егер табиғи монополия субъектісінің иелігінен айыратын мүліктің немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, олар табиғи монополия субьектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріннің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар мқлшерлемлерін) немесе олардың шекті деңгейлерінің өсуіне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берік байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда, осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама ұсынатын қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өндірісіне және ұсынылуына арналған мүлкін иеліктен айыруға және (немесе) оның мүлкіне қатысты өзге мәмілелер жасасуды келісу;

45) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің тасымалданатын немесе оларға берілетін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өзінің тұтынуы үшін сатып алуын келісу;

46) мүлікті жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, тығыз байланыстағы технологиялық жүйенің бұзылуына, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемінің едәуір кемуіне әкеп соқпайтын жағдайда, осындай іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің теңгерімдік құнынан 0,05 пайыздан астам болатын реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікті жалға алуына келісуді;

47) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін, әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңындарұқсат етілген өзге де қызметті жүзеге асыруын келісу;

48) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісінің қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;

49) осы іс-әрекетті жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің қайта ұйымдастырылуын және таратылуын келісу;

50) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе тұлғалар тобының) табиғи монополия субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) оннан астам пайызын сатып алуын келісу;

51) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылау;

52) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу;

53) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану;

54) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;

55) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда нұсқамалар шығару;

56) Қазақстан Республикасының Үкіметібекітетінтабиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесіне енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу;

57) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасалатын үлгі шарттарды әзірлеу;

58) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін және мемлекеттік органдар мен табиғи монополия субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қолдану;

59) белгілі бір қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының және оларды лицензиялау қағидаларының жобаларын әзірлеу;

60) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін әзірлеу және қолдану;

61) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау;

62) реттелетін нарықтар субъектілерінің баға белгілеуін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін

нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді және мемлекеттік реттеу енгізілген, белгіленген бағаларды сақтауын бақылау;

63) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

64) ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейін келісу;

65) мемлекеттік баға реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын айқындау тәртібін әзірлеу;

66) үстем немесе монополиялық жағдайға ие реттелетін нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу;

67) мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;

68) мемлекеттік монополия субъектілерінің «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

69) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру;

70) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

71) мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актiлерiнiң, iс-әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) жолын кесу;

72) тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайын асыра пайдаланудың алдын алу және жою;

73) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi мен келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз бәсекелестікті болдырмау және жолын кесу;

74) тауар нарықтарындағы бәсекелестік ортаның жай-күйiн талдауды және бағалауды жүзеге асыру;

75) тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектiлерiнiң қызметiн талдауды және мониторингiлеуді жүзеге асыру;

76) тауарларын реттелетiн нарықтарда өткiзетiн нарық субъектiлерiн қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындау;

77) нарық субъектiлерi мен мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестік туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеулер жүргiзу;

78) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, оның iшiнде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектiлерiнен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, оның iшiнде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәлiметтердi сұрату және алу;

79) нарық субъектiлерiне орындауға мiндеттi:

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтiру;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына қайшы келетiн шарттарды бұзу немесе өзгерту;

егер белгiлi бiр сатушылармен (өнiм берушiлермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектiсiмен шарт жасасу туралы нұсқамалар шығару;

80) өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша нұсқаманы (өзiнiң немесе аумақтық органның) қайта қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгiленген жағдайда монополияға қарсы органның аумақтық органдары қабылдаған нұсқамаларды тексеру;

81) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде орталық аппаратқа ұсынымдар беру;

82) мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды құруды алдын ала келiсу;

83) құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат пен басқа да мониторингілер деректерін ұсыну;

84) тиiстi тауар нарықтарының шекараларын айқындау;

85) мыналардың:

экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы қолдаухаттың;

мемлекеттiк кәсiпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы қолдаухаттың;

нарық субъектiлерi ұсынатын өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша, өндiру мен өткiзу көлемдерi, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың үлгi нысандарын әзiрлеу;

86) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға сараптамасын жүргізу;

87) нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында көзделген жағдайларда мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға, нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге алдын ала жазбаша келiсiм ұсыну;

88) тiркеушi органдарға тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тiзiлiмiн және монополияға қарсы органның келiсiмi бойынша құрылған мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген тұлғалардың тiзбесiн ұсыну;

89) тауарлардың өзара алмастырылу өлшемдерін, оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктi, сондай-ақ қаржы ұйымдарына қатысты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімі бойынша тауар нарығының шекараларын айқындай отырып тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйiне талдау және бағалау жүргiзу жөнiндегi үлгілік әдiстеменi әзiрлеу;

90) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеу;

91) бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;

92) мемлекеттiк органдарға өздерi қабылдаған актiлердi жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздерi жасаған Қазақстан Республикасының монополияға қарсызаңнамасына қайшы келетiн келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзу;

93) Қазақстан Республикасының монополияға қарсызаңнамасында белгiленген жағдайларда нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасындағы бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап арызбен, сондай-ақ бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер мен келiсiлген iс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық кірісін алып қоюдан нарық субъектісін босату туралы қолдаухатпен сотқа жүгiну;

94) Қазақстан Республикасының ішкі нарығындағы тариф белгілеудің әлеуметтік экономикалық факторларын ескере отырып, табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін бекіту жөніндегі аумақтық органдарының қызметтерін үйлестіру;

95) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

15. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзінің құзыреті шегінде құқықтық актілер шығаруға;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

3) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге;

5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші, алқылы органдар құруға;

6) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органы болуға;

7) өз құзыретінің шегінде сотқа шағымдануға;

8) өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

9) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға беруге;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Комитет төрағасының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Төрағаның өкілеттіктері:

1) Комитеттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Жауапты хатшыға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының кандидатураларын тағайындауға ұсынады;

3) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Комитеттің төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

20. Төраға қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

21. Комитеттің алқалы органы Басқарма болып табылады.

Басқарманың құрамы мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бекітеді.

4. Комитеттің мүлкі

22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден сатып алған өзге де мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» акционерлік қоғамы 49%».

7. Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.

16. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.