Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитеттің басшылығы

Комитеттің төрағасы

Дарбаев Асан Көбентайұлы, 1984 жылы туған, білімі жоғары, 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және қаржы құқығы» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша магистратура бітірген. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратура бітірген. 2012 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша (Жобалармен жұмыс) (Programme and Project Manadgment) мамандығы бойынша «Уорвик» (Великобритания) университетінің магистратурасын бітірген.

2005 жылдан 2006 жылға дейін – Қаржы министрлігі саласында жетекші маман болып жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап монополияға қарсы салада аумақтық құрылымдық бөлімшелерде бас маман болып жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап «Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау» АҚ және «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде жұмыс істеді.

2013 жылдан бері директор орынбасары лауазымынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасарына дейінгі лауазымды атқарды.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы болып табылады.

Төрағаның орынбасары

Елена Ивченко 1997 жылы «Экономика және басқару» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2015 жылы «Электроэнергетика» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

Ұлыбританияның «The Diploma in basic competence in IFRS» атты Кәсіптік Қаржылық Менеджерлер институтының халықаралық дипломы, CAP (Certified Accounting Practitioner) біліктілік деңгейдегі CIPA бағдарламасы бойынша халықаралық кәсіптік сертификациясы бар.

Еңбек жолын 1997 жылғы қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Экономика предприятия» кафедрасының аға оқытушы лауазымынан бастады.

2007 жылдың қазан айынан 2008 жылдың наурызына дейін «Промтехмонтаж» ЖШС-ның инженер-сметчик болып қызмет атқарды.

Кейін 2008 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың маусымына дейін «Восточные МЭС» «KEGOC» АҚ-ның филиалының жоспарлы-экономикалық бөлімінің жетекші экономист, сондай-ақ өндірісітік-техникалық қызметінің жеткеші инженері лауазымдарын атқарды.

Оның арасында 2009 жылдан 2015 жылға дейін «Экономика», «Оценка» мамандықтары бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Мемлекеттік аттестациялық комиссияның мүшесі болды.

2014 жылдың мамырдан 2018 жылдың ақпан айына дейін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ның бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау бөлім басшысы мен Экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың мамыр айына дейін «ВК РЭК» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

2019 жылдың мамырынан 2019 жылдың қазан айна дейін ҚР Ұлттық экономика министрінің Кеңесшісі лауазымын атқарды.

Елена Ивченко «Восточные МЭС» «KEGOC» АҚ-ның филиалының «Монтаж промежуточной металлической двухцепной опоры типа ПП-220-2 двумя кранами и тяговыми механизмами» атты өнертапқыштық ұсыныстың авторлас болып табылатын атап көрсету қажет.

Төрағаның орынбасары

Ерболат Ибрайханов 2002 жылы «Экономика-қаржы» мамандығы бойынша М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2004 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Мемлекеттік Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, 2016 жылы «Мемлекеттік саясат шебері» мамандығы бойынша University of Nottingham «Болашақ» бағдарламасы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы ҚР ӘМ Сот сараптамасы орталығының бухгалтерлік есеп және есептілік қызметінің бас экономисті қызметінен бастаған.

2004 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманынан ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің тергеу департаменті директорының орынбасарына дейін табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2011 жылдың маусымынан 2012 жылға дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекцияның басшысынан Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекцияның басшысына дейін қызмет атқарды.

2012 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясының басшысы болды.

University of Nottingham, UK («Болашақ» бағдарламасы бойынша) оқудан кейін 2013 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың қыркүйек айына дейін, 2016 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қазан айына дейін Алматы қаласы бойынша Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Содан кейін 2018 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдың қазан айына дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Төрағаның орынбасары

Асхат Жапсарбай 2001 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін, 2010 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірді.

Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласындағы «Бауэр и К» ЖШС-ның Заң кеңесшісі лауазымынан бастаған.

2004 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық бөлімшелерінде жетекші маманнан заңнаманы сақтауды бақылау бөлімінің басшысына дейін табиғи монополияларды реттеу саласындағы түрлі лауазымдарды атқарған.

2008 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет етті.

Кейін 2014 жылға дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің орталық аппаратында Бақылау және талап жұмысы департаментінің директоры лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымын атқарды.

Сонымен қатар, 2016 жылдан 2017 жылдың наурызына дейін «КСМ Энерго» Бас директоры болып қызмет етті, сондай-ақ Астана қаласының «Көлік қызмет көрсету орталығы» АҚ-ның экономика және трансформация жөніндегі Вице-президент лауазымын атқарды.

2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың тамызына дейін сондай-ақ Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының кеңесшісі лауазымын атқарды.

Содан кейін 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың ақпанына дейін Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігінің құрылымда Технологиялық және инновациялық дамыту департаментінің директоры лауазымында қызмет етті.

2019 жылдың ақпанынан 2019 жылдың маусымына дейін ҚР Кәсіпкерлер және қызмет көрсетушілер ассоцияциясында Инновацияларды дамыту департаментінің директор лауазымын атқарды.

Ал 2019 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҰЭМ ТМРК-ның төрағасы орынбасарының лауазымына тағайындауына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болды.