Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Адал бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау)

22.04.2019 17:27

«Полифасад» ЖШС-і Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын бұзуды тоқтата отырып, Комитеттің Хабарламасын орындады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) «Ақ Жайық» сайтындағы жарнамаға қатысты «Полифасад» ЖШС-ның әрекеттеріне қатысты «НовоСтройПроект» ЖШС-ның өтініші келіп түсті.

Өтінішті қарау барысында, Комитет «Полифасад» ЖШС-ның әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 177-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жосықсыз, анық емес және көрінеу жарнама бөлігінде жосықсыз бәсекелестік белгілерін байқады.

Осыған орай, Комитет Кодекстің 199-бабының 1-тармағына сәйкес нарық субъектісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) енгізді.

«Полифасад» ЖШС-і өз тарапынан Қазақстан Республикасының аумағында қаптама және (немесе) құрылыс тақталарын өндіруге және сатуға арналған барлық құжаттары бар жалғыз өндіруші туралы көрсетілген "Ақ Жайық» сайтындағы жөнсіз жарнаманы теріске шығару арқылы Хабарламаны орындағанын хабарлады.

Изменен: 22.04.2019 17:28