Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Адал бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау)

27.05.2019 12:27

Күкірт қышқылын өндіру бойынша нарық доминанттарына монополияға қарсы комплаенс әзірлеу ұсынылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «Қазмырыш» ЖШС мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға қатысты күкірт қышқылын өткізу кезінде әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарламалар шығарылды.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын әртүрлі шығындарға немесе сату көлемі, ақы төлеу шарттары, шарттың қолданылу мерзімдері ескерілетін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына негізделген жағдайларда, мәні бірдей келiсiмдерге әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдануға жол беріледі.

Осыған орай, ҚР ҰЭМ-де өткен кеңес нәтижелері бойынша нарық  субъектілеріне, оның ішінде күкірт қышқылын өткізу кезінде жеңілдіктердің кемсітусіз, ашық жүйесін көздейтін монополияға қарсы комплаенс әзірлеу ұсынылды.

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі, нақты нарық субъектісіне (нақты нарық субъектілеріне) қатысты немесе нақты жағдайға қолданылатын монополияға қарсы нормаларды түсіндіру актісі монополияға қарсы комплаенс болып табылатынын атап өтеміз.

Изменен: 27.05.2019 12:28