Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Адал бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау)

27.05.2019 12:28

Монополияға қарсы орган медициналық жабдықтар нарығында бәсекелестікке қарсы сөз байласуларға тергеп-тексеру жүргізіп жатыр

Монополияға қарсы орган медициналық жабдықтарды жеткізу нарығындағы сөз байласуларға тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру барысында нарық субъектілерінің әрекеттері өнім берушілердің өздері арасында және сатып алуды ұйымдастырушылар мен өнім берушілер арасындағы электрондық және электрондық емес (қағаз) сатып алуды өткізу және оларға қатысу шеңберінде саламатты бәсекелестікті жоюға және тиісті нарықта дербес іс-қимылдан бас тартуға әкеп соққан сөз байласудың болуы мәніне қаралатын болады.

Аталған сөз байласу белгілері 2016-2017 жылдар кезеңінде медициналық жабдықтарды жеткізу нарығын талдау қорытындысы бойынша байқалды.

Республика бойынша Ақтөбе,  Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының 29 нарық субъектілеріне қатысты 12 тергеу тағайындалғанын атап өтеміз.

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері расталған жағдайда, бұзушыларға қатысты монополияға қарсы ден қоюдың тиісті шаралары қабылданатын болады.

Изменен: 27.05.2019 12:29