Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Адал бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау)

21.06.2019 14:48

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы бойынша айыппұл салынды

Бұдан алды айтылғандай, Монополияға қарсы комитет «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға (бұдан әрі - Банк) қатысты жүргізген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Банктің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 5-тармағымен тыйым салынған тәуелсіз бағалау мекемелер түріндегі нарық субъектілердің экономикалық қызметін үйлестіру бойынша іс-әрекеттері бәсекелестікті жоюға, сонымен қатар бірдей бағаларды белгiлеуге және ұстап тұруға әкеп соқты.

Әсіресе, 2018 жылдың мамыр – қараша кезеңі аралығында Банкпен өзінің Басқармасының 2017 жылғы 23 қарашадағы шешімімен бекітілген Бағалаушылармен жұмыс істеудің стандартты шарттарында көзделген бағалау объектілеріне (пәтерлерге, жеке үйлерге және жер учаскелеріне) рұқсат етілген бағаларды белгілеу арқылы бағалау компаниялардың қызметіне заңсыз араласу жүргізілді.

Сот органдарында істі қарау нәтижелері бойынша, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының                       2019 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен Банкке 2,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, заңбұзушылық жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық сотының 2019 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен Банктің апелляциялық шағымы қанағаттандырылусыз қалдырылып, Банкті әкімшілік жауапкершілікке тартуға және әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Изменен: 27.06.2019 14:49