Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Адал бәсекелестікті адвокаттандыру (насихаттау)

21.06.2019 14:50

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Монополияға қарсы органның хабарламасын орындады

Монополияға қарсы комитетке «Центр Оценки Алматы» ЖШС-дан келіп түскен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның (бұдан әрі – Банк) әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 174-бабында көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері, атап айтқанда бағалау қызметі субъектiлерiне тауар нарығына кiруге кедергiлер жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану анықталды.

Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері келісімдері болған кезде, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.

Осыған орай, Кодекстің 199-бабының 1-тармағына сәйкес Монополияға қарсы комитет Нарық субъектісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жіберді, онда Банк бағалау қызметі субъектiлерiне кiруге кедергiлер жасауды тоқтату және оған жол бермеу бойынша бұзушылық белгілерін жою қажеттігі туралы хабардар етілді. 

2019 жылғы 30 мамырда Банк Хабарламаның орындалғаны туралы ақпарат ұсынды. 

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама шығару нарық субъектілерінің әрекеттерінде құқық бұзушылық фактісінің болуын растамайтынын атап өту қажет. Осы құрал құқық бұзушылық себептерін және оның туындау себептерін жоюға мүмкіндік береді және, мәні бойынша,  монополистік қызметке және жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу үшін алдын алу шарасы болып табылады. Бұл ретте, осы құралды қолдану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқпайды, ал нарық субъектілерінің монополияға қарсы органның хабарламаларына мән бермеудің салдары тергеп-тергеуге бастамашылық жасау болып табылады. 

 

Изменен: 27.06.2019 14:51