Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Маңғыстау облысы. «ATM Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Limited» ЖШС қатысты жүргізілген тергеп-тексеру
11.01.2019 15:00

Маңғыстау облысы. «ATM Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Limited» ЖШС қатысты жүргізілген тергеп-тексеру

Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен «ATM Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Limited» ЖШС-не (бұдан әрі - Серіктестік) қатысты ҚР ӘҚБТ Кодексінің 159 бабының 3 тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сот қаулысына сәйкес Серіктестікке ҚР ӘҚБТ Кодексі 159 бабы, 3 тармағы (үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану, оның ішінде монополиялық жоғары немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру) бойынша 1 663 800 тг көлемінде айыппұл салынып, монополистік қызмет барысында тапқан пайданы, яғни монополиялық кірісі 15 621 313 тг көлемінде есептеліп мемлекет кірісіне тәркіленді.

          Сотпен, Ақтау қаласы тұрғыны арызы негізінде, Ақтау қаласы халықаралық әуежайы жолаушылар терминалы ғимаратында қоғамдық тамақтану орындарын жалға беру қызметі бойынша, Серіктестікпен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау заңнамасын сақтау саласында, атап айтқанда үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану, оның ішінде монополиялық жоғары немесе монопсониялық төмен бағаларды белгілеу, ұстап тұру белгілерінің болуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізгендігін анықтады. 

         Тергеп-тексеру барысында заңнама бұзушылықтары белгілері расталды және әуежай ғимаратында Серіктестіктің үй-жайларды жалға беру бойынша монополиялық жоғары бағаларды орнату фактісі анықталды.

         Сот қаулысы заңды күшіне енбеді.

Изменен: 11.01.2019 15:07