Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Шымкент қаласы. Департамент «Қазыгұрт жолы» ЖШС-нің өтінімі бойынша жария тыңдау өткізді
11.01.2019 15:58

Шымкент қаласы. Департамент «Қазыгұрт жолы» ЖШС-нің өтінімі бойынша жария тыңдау өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қазыгұрт жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі-ЖШС) бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру, бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсiру, тасымалдау процесiнiң басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды беру қызметтеріне тарифтерін және тарифтік сметаларын бекітуге өтінімін қарау бойынша жария тыңдау 2019 жылдың 11 қаңтарында өткізді.

            Жария тыңдауға тұтынушы контрагенттер қатысты.

            «Қазыгұрт жолы» ЖШС-нің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер жобасы талқыланды.

             «Қазыгұрт жолы» ЖШС-нің бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф жобасы 455,94 теңге/вагон-км,  бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсiру, тасымалдау процесiнiң басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн кiрме жолды беру қызметіне тариф жобасы 6592,09 теңге/вагон-сағат мөлшерінде қарастырылған.

            Қазіргі уақытта тариф жобасына талдау жүргізілуде, талдау нәтижелері бойынша шешім 2019 жылдың 4 ақпанында қабылданатын болады.

Изменен: 11.01.2019 16:02