Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы. «Жарма су» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті
11.07.2019 16:23

Шығыс Қазақстан облысы. «Жарма су» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті

2019 жылғы 8 шілдеде Шығыс Қзақстан облысының Жарма ауданының Жаңа Өзен ауылында «Жарма су» МКК-ның сумен жабдықтау қызметіне тарифтердің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтті.

Жобаланған тариф деңгейін талқылау барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент, аудан әкімдігі, «Жарма су» МКК өкілдері және ауыл тұрғындары сөз сөйледі.

Ауыл тұрғындары өз сөздерінде, суды пайдалану үшін, оны өндіру және беруге, суқұбырларын және ғимараттарды ұстауға барлық шығындарды жабу қажет екенін түсіну керек екенін ұғындырды. Ауыл өкілдері ұсынылған тарифті қабылдауға келіседі. Қортындылай келе, жария тыңдаулар төрағасы - Департамент басшысының орынбасары Н.С. Петрова Уәкілетті органның басты мақсаты – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің теңгерімін сақтау екенін атап өтті.  Сумен жабдықтау қызметіне тарифтердің деңгейі бойынша шешім 2019 жылғы 12 шілдесінде қабалданады.

Изменен: 11.07.2019 16:31