Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Қызылорда облысы. «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның сумен жабдықтау және суды бұру, тазарту қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтер бекітілді
14.08.2019 12:26

Қызылорда облысы. «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның сумен жабдықтау және суды бұру, тазарту қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтер бекітілді

«Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаларының орындалуына жүргізілген талдау барысында, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасы, яғни тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.

         «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның қайта қаржыландыру ставкасы ескеріле отырып негізсіз алынған табыстың жалпы сомасы суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша 72215,07 мың теңге, сарқынды суды бұру, тазарту қызметі бойынша 67962,099 мың теңгені құрады.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне орташа босату тариф 1 текше метрге ҚҚС-сыз 46,85 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 12 пайызға, сарқынды суды бұру, тазарту қызметіне 1 текше метрге ҚҚС-сыз 68,78 теңге немесе 13 пайызға төмендетіп уақытша өтемдік тарифтер енгізеді.

Изменен: 14.08.2019 12:30