Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Қызылорда облысы. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның объектілері бойынша баспасөз-турын өткізілді
15.08.2019 09:54

Қызылорда облысы. «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның объектілері бойынша баспасөз-турын өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), 2019 жылғы 14 тамызда «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі-Кәсіпорын) объектілеріне бару арқылы инвестициялық міндетемелерге және жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес кәсіпорынды жаңғырту және қайта қалпына келтіру нысандарымен танысу үшін баспасөз-турын өткізді.

Баспасөз турына бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті атқарушы органдар және «Нұр Отан» Қызылорда облыстық филиалының өкілдері қатысты.

   «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша:

Кәсіпорынның активтерін жаңалау, қолдау, қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру мақсатында, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіліп, Департаментнің бұйрығымен 2018 жылға 2205,85 млн теңгеге инвестициялық бағдарламасы бекітілді, оның ішінде өз қаражаты – 137,45 млн теңге, «Нұрлы жол»  бағдарламасы – 2068,40 млн теңге.

  «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның 2018 жылғы инвестициялық бағдарламасы бойынша келесідей жұмыстар 2164,32 млн теңгеге атқарылды:

- кәсіпорынның өз қаражаты есебінен негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу, № 2,7 AБMҚ қазандықтарын, БКЗ-220-100ф типті № 6,9 бу қазандықтарын күрделі жөндеу, № 14 AБMҚ кеңейту, №4 АБМҚ-ың Сырдария өзенінің сол жағалауға көшіру, НД2,5 40/160 типті фосфатты сорғысын ауыстыру, №2 АБМҚ-ның  К-80-65 / 160 типті желілік сорғысын, жылу алмастырғышты және запорлы арматураларды ауыстыру, №8 АБМҚ-ғының  электр жабдықтарын 6 кВ-тан 10 кВ-ға, ЖЭО және оңтүстік қазандықтағы химиялық цехтарының натрий катиониттік фильтрлерін жөндеу, оңтүстік қазандықтағы D630-125 типті желілік сорғысын ауыстыру;

- өз қаражаты есебінен ұзындығы - 4,4 шақырым квартал аралық жылу жүйелерін жөндеу;

- «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 7,04 шақырым болатын 8 нысанға магистралды жылу жүйесін қайта жаңғырту.

Инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру нәтижесі  қазандықтырмен жабдықтардың сенімділігін және тиімділігін, жылу алмасуын, жылу жүйелердің көректендіру су сапасын жақсартып, жылу жүйелерінің тозуын 44,6 пайыздан 42 пайызға, өндірістік жабдықтар тозуын 45,4 пайыздан 43 пайызға, жылу ысыраптарын 15,5-ден 13,64 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.

2019 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде келесідей  негізгі іс-шаралар жоспарланған болатын:

- кәсіпорын өз қаражаты есебінен негізгі және қосалқы қондырғыларды және кварталаралық жылу жүйелерін жөндеу – 133,293 млн теңгені  құрайды, оның ішінде қазіргі таңда, № 6,9 AБMҚ қазандықтарын күрделі жөндеу, КИПиА қондырғылары мен датчиктері ауыстыру және әртүрлі диаметрлі кварталаралық 7 шақырым жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталды. Инвестициялық қаражатты игеру бойынша жұмыстар  жалғасуда.

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ бойынша:

2018 жылы «ҚЭТТК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен 212,2 млн теңгеге 280 дана ТП, КТПН-10/0,4 кВ және ұзындығы 2441,16 шақырым 110/35/10/0,4 кВ электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы орындалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде электр энергиясының ысыраптары 16,84 пайыздан 15,33 пайызға, электр желілерінің тозу деңгейі 74 пайыздан 72 пайызға, ал қосалқы станциялардың тозуы 74 пайыздан  69 пайызға төмендеді.

Инвестициялық бағдарламадағы Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржаты есебінен қазіргі таңда 2 249 млн теңгеге материалдар мен жабдықтар алынып, Қызылорда қаласындағы "Комсомол", "Залинейная", "Промышленная" ПС-35/10 кВ подстанцияларының қызмет көрсету аймағындағы 10/0,4 кВ 71 дана  трансформаторлық қосалқы станциялары жаңғыртылып және 345 шақырым әуе желілерін қайта құру жұмыстары орындалды.

2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысында электр энергиясы ысыраптарының азаюы 36,3 млн.кВт сағат және жыл сайынғы төмендеуі 1,2 пайыз.

Изменен: 15.08.2019 10:00