Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жаңалықтар

Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы орган 45 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 1 млрд.-тан астам теңгеге өтемдік тарифтерді енгізді
09.09.2019 16:49

Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы орган 45 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 1 млрд.-тан астам теңгеге өтемдік тарифтерді енгізді

Табиғи монополиялар туралы заңнаманың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне 2018 жылғы тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер ұсынды.
Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы органға 87 есеп ұсынылды, оның ішінде 63 – тарифтік сметалардың орындалуы бойынша талдау жүргізілді, 24 – инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша талдау жүргізілді, 34 табиғи монополия субъектісі есепті уақытында тапсырмаған. Заңнамалық талаптардың есептілік мерзімдері бұзылғаны үшін аталған табиғи монополия субъектілеріне жалпы сомасы 13,4 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша 45 монополист үшін 54 көрсетілетін қызмет бойынша жалпы сомасы 1 292,9 млн. теңгеге өтемдік тарифтер енгізілді.
Бекітілген уақытша өтемдік тарифтер тұтынушыларға келтірілген шығындар жыл ішінде толық өтеледі.

Изменен: 09.09.2019 16:51