Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама етті
29.12.2018 16:13

Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама етті

2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша  департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы міндетін атқарушысы Болат Сулегалиев БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен коммуналдық қызметтердің  тарифтерін төмендету туралы брифингте баяндама жасады.

Болат Кайрошевич Мемлекет басшысы 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін, Атырау облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің және  қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің реттелетін қызметтеріне тарифтерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып шықты.

2018 жылдың 12 қарашасынан бастап Атырау облысында халықпен кері байланысты жақсарту жұмысы ұйымдастырылды, оның нәтижелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа мүдделі органдардың қатысуымен 6 қоғамдық қабылдау өткізілді, оған 63 адам қатысты.

Анықтама: Қоғамдық қабылдау кезінде 4 өтінім келіп түсті.

Өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін «жедел желі» 21-31-01, 21-34-37 телефондары жұмыс істеуде.     

Сондай-ақ,  Департамент Атырау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, табиғи монополия субъектілерінің басшыларының қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне арналған тарифтерді төмендету қажеттілігі туралы бірнеше кеңес өткізген болатын.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде  коммуналдық қызметтерге (сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) арналған тарифтерді 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендетілетін болады.

Жалпы тарифтердің төмендеуі  табиғи монополия субъектілері және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері бойынша күтілуде.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының м. а. 2005 жылғы 19 наурыздағы №91-НҚ бұйрығымен бекітілген, Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (Тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін көтеру немесе төмендету Ережесінің 7 және 8-тармақтарына сәйкес, табиғи монополия субъектілерімен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесідей мөлшерлерде тарифтері төмендетілді:

 

«Атырау жылу желілері» АҚ 4 418,48 теңге/Гкал мөлшерінде жылу энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне қолданыстағы тарифтен 5,2% – ға төмендетумен (қолданыстағы тариф-4 658,43 теңге/Гкал).

«Атырау жылу электр орталығы» АҚ жылумен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне 6 106,35 теңге/Гкал мөлшерінде, қолданыстағы тарифтен 4,1% – ға төмендетумен (қолданыстағы тариф-6 367,41 теңге/Гкал) оның ішінде:

- жеке тұлғалар үшін орташа жіберу тарифі - 4 204,69 теңге/Гкал, қолданыстағы тарифтен -5,5% - ға төмендеуімен (қолданыстағы тариф-4 449,41 теңге / Гкал) соның ішінде:

жылу энергиясының ЖҮЕА бар тұтынушылар үшін – 4 096,85 теңге/Гкал, қолданыстағы тарифтен -1,95% - ға төмендеуімен (қолданыстағы тариф – 4 178,33 теңге / Гкал);

жылу энергиясының ЖҮЕА жоқ тұтынушылар үшін – 5 045,63 теңге/Гкал, қолданыстағы тарифтен -5,5% - ға төмендеуімен (қолданыстағы тариф – 5 339,29 теңге / Гкал);

тозған, апаттық,барактік үйлерде орналасқан және тұратын тұтынушылар үшін – 4 204,69 теңге/Гкал, қолданыстағы тарифтен -5,5% - ға төмендеуімен (қолданыстағы тариф-4 449,41 теңге/Гкал);

- басқа тұтынушылар үшін орташа жіберу тарифі – 10 741,09 теңге/Гкал, қолданыстағы тарифтен 5,12% - ға төмендетумен (қолданыстағы тариф-11 320,5 теңге/Гкал) соның ішінде:

жылу энергиясының ЖҮЕА бар тұтынушылар үшін – 9 704,42 теңге/Гкал, қолданыстағы тарифтен 2,2% - ға төмендетумен (қолданыстағы тариф-9 922,32 теңге/ Гкал);

жылу энергиясының ЖҮЕА жоқ тұтынушылар үшін – 16 111,63 теңге/Гкал, қолданыстағы тарифтен 5,12% – ға төмендеумен (қолданыстағы тариф-16 980,76 теңге / Гкал);

тозған, апаттық,барактік үйлерде орналасқан және тұратын тұтынушылар үшін – 10 741,09 теңге/Гкал, қолданыстағыдан 5,12% төмен (қолданыстағы тариф-11 320,5 теңге/Гкал).

 

«Атырау су арнасы» КМК сумен жабдықтау реттелетін қызметіне 159,37 теңге/м3 мөлшерінде, қолданыстағы тарифтен 5,0% төмендетумен (қолданыстағы тариф – 167,76 теңге/м3) бекітілді, оның ішінде:

- жеке тұлғалар үшін - 92,63 теңге/м3, қолданыстағы тарифтен 5% – ға төмендеумен (қолданыстағы тариф-97,50 теңге/м3);

- басқа тұтынушылар үшін - 291,63 теңге/м3, қолданыстағыдан 5,22% төмендей отырып (қолданыстағы тариф – 307,69 теңге/м3).

Су бұру қызметіне 66,38 теңге/м3 мөлшерінде қолданыстағы тарифтен 5% төмендетумен (қолданыстағы тариф-69,87 теңге/м3) бекітілді, соның ішінде:

- жеке тұлғалар үшін - 30,40 теңге/м3, қолданыстағы тарифтен 5,0 % төмендетумен (қолданыстағы тариф-32,0 теңге / м3);

- басқа тұтынушылар үшін - 135,75 теңге / м3, қолданыстағы тарифтен 3,48 % төмендетумен (қолданыстағы тариф-140,64 теңге/м3).

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ-ы тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметі бойынша шекті бағаларын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуімен келесідей мөлшерде төмендетті:

Тұрғындар – 7 171,49 теңге/1000 м3, қолданыстағы тарифтен -1,35% - ға төмендеуімен (қолданыстағы тариф- 7 269,63  теңге/1000 м3);

жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлеміндегі жылу энергетикалық компаниялар (бұдан әрі-ЖЭК) жеке тұтыушылар үшін – 7 269,63 теңге/1000 м3, бұрын қолданыста болған деңгейде (қолданыстағы тариф-7 269,63 теңге/1000 м3);

Заңды, басқа да заңды тұлғалар үшін ЖЭК - 17 492,44 теңге/1000 м3, қолданыстағы тарифтен 1,08 % төменетумен (қолданыстағы тариф-17 683,42 теңге/1000 м3);

бюджеттік ұйымдар – 20 328,43 теңге/1000 м3, қолданыстағы тарифтен 1,08% - ға төмендеумен (қолданыстағы тариф-20 550,6 теңге/1000 м3).

Сонымен қатар, Департаменттің 2018 жылғы 13 қарашадағы №6-07/1764 санды дәлелді қорытындысымен "Атырау ЭнергоСату" ЖШС-нің электр энергиясына бағалары 2018 жылдың 20 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілумен төмендегідей мөлшерде төмендетілді:

орташа тарифі – 13,19 теңге/квтс, қолданыстағыдан 4,77% – ға төмендеумен (қолданыстағы тариф-13,85 теңге/квтс);

жеке тұлғалар үшін орташа тарифі – 4,35 теңге/квтс, қолданыстағыдан  3,55% – ға төмендетумен (қолданыстағы тариф-4,51 теңге/квтс));

заңды тұлғалар үшін орташа тарифі – 17,10 теңге/квтс, қолданыстағыдан 4,79% – ға төмендетумен (қолданыстағы тариф-17,96 теңге/квтс).

Брифинг барысында Департамент басшысының м.а. бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Изменен: 29.12.2018 16:14