Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депаратмент басшысы коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама етті
29.12.2018 16:19

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша депаратмент басшысы коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама етті

2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Жандос Ермағамбетов БАҚ өкілдері алдында  коммуналдық қызметтердің  тарифтерін төмендету туралы брифингте баяндама етті.

                Жандос Ермағамбетов Мемлекет басшысы 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендету бойынша Департаментпен атқарылған жұмыстар туралы айтып шықты.

2018 жылдың 12 қарашасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында халықпен кері байланысты жақсарту жұмысы ұйымдастырылды, оның нәтижелері бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер бойынша БАҚ, Әкімдіктердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Нұр-Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен 8 қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдау жұмысы уақытында 58 тұтынушы жүгінді.   

        Өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үшін «жедел желі» 53-37-26 телефоны жұмыс істеуде.         

Келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарау нәтижелері бойынша «Қызылжар су» ЖШС және «Севказэнергосбыт» ЖШС 2 монополистке қатысты жоспардан тыс тексерулер ашылды.

Тексеру нәтижесінде»Қызылжар су» ЖШС-нің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өтемдік тарифтер енгізілді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 14 табиғи монополиялар субъектілерінің, оның ішінде 5 базалық субъектілер бойынша және 9 қуаттылығы аз субъектілер бойынша 19 реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау) тарифтер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендетілді, бұдан басқа 3 қоғамдық маңызы бар субъектілердің қызметтеріне (электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) бағалар төмендетілді.

Тұтынушылардың қаражатын үнемдеу 1173,631 млн.теңге құрады, оның ішінде:

-базалық субъектілер бойынша 557,54 млн.теңге;

-қуаттылығы аз ТМС бойынша – 11,509 млн.теңге;

-қоғамдық маңызы бар субъектілер бойынша – 604,583 млн.теңге, оның ішінде:

электрмен жабдықтау – 594,659 млн.теңге

газбен жабдықтау – 9,925 млн.теңге

 

жылумен жабдықтау саласында қолданыстағы тарифтерді 01.11.2018 ж. бастап төмендетудің құрағаны:

 -тұрғындар үшін 1,1% (3568,14 теңгеден бастап 3528,41 теңге/Гкал дейін, бұл ретте1м2 үшін төлем 1,1% төмендетіледі (128,45 теңгеден 127,02 теңге/м2 дейін);

-заңды тұлғалар үшін – өзгеріссіз қалады.

Тарифті төмендетудің негізгі себебі «Петропавл Жылу жүйелері» ЖШС-ның жылу энергиясын беру және тарату қызметіне өтемдік тарифті енгізу болып табылады.

 

Сумен жабдықтау саласында қолданыстағы тарифтерді төмендету орташа есеппен – 8,6 %, оның ішінде:

-тұрғындар үшін – қолданыстағы тарифке төмендету 8,6 % (89,50 теңгеден 81,82 теңге/м3 дейін);

-заңды тұлғалар үшін - қолданыстағы тарифке төмендету 8,59 % (284,14 теңгеден 259,73 теңге/м3 дейін);

Су бұру саласында (кәріз) қолданыстағы тарифтерді төмендету орташа есеппен 2,71 %, оның ішінде:

-тұрғындар үшін - қолданыстағы тарифке төмендету 3,0 % (77,81 теңгеден 75,48 теңге/м3 дейін);

-заңды тұлғалар үшін - қолданыстағы тарифке төмендету 2,45 % (247,32 теңгеден 241,27 теңге/м3 дейін).

Тарифтерді төмендетудің себебі «Қызылжар су» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне өтемдік тарифтерді енгізу болып табылады.

Газбен жабдықтау саласында

«Горгаз Сервис» ЖШС топтық резервуарлар арқылы сұйытылған мұнай газды бөлшек саудада өткізу қызметіне тарифтер 1,6  % төмендетілді (522,26 теңгеден 514,08 теңге/м3 дейін).

«Севказэнергосбыт» ЖШС

-тұрғындар үшін – 9,3% (13,59 теңгеден 12,32 теңге/кВтсағатқа дейін);

-заңды тұлғалар үшін – өздеріссіз.

 

«Солтүстік Энерго Орталық» ЖШС

-тұрғындар үшін – 6,8% (15,4 теңгеден 14,35 теңге/кВтсағатқа дейін);

-заңды тұлғалар үшін6,7% (23,44 теңгеден 21,87 теңге/кВтсағатқа дейін);

Негізгі себептер станцияда электр энергияның көтерме бағасын төмендету болып табылады.

Қоқысты әкету, лифтшаруашылығы және ПИК қызметтері бойынша ақпарат:

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес мынадай қызметтерге тарифтер төмендетілді:

-тұрмыстық қатты қоқыстарды әкету 5%;

-лифт шаруашылығы қызметі - 5%.

Брифинг барысында Департамент басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Изменен: 29.12.2018 16:21