Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары табиғи монополиялар субъектілерінің өтемдік тарифтерді төмендету және енгізу туралы брифинг өткізді
29.12.2018 16:28

Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары табиғи монополиялар субъектілерінің өтемдік тарифтерді төмендету және енгізу туралы брифинг өткізді

2018 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушыларлың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсет Құрашев аумақтық Орталық коммуникациялар қызметінде  бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Әсет Құрашев қатысушыларды 2018 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру шеңберінде Департаментпен тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің құнын төмендету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын хабардар етті, нәтижесінде барлығы 2,5 млрд. теңгеден астам сумен жабдықтауға, суды айыруға, жылумен жабдықтауға және электрмен жабдықтауға тарифтер төмендетілді.

Коммуналдық қызметтердің құнын төмендету екі бағыт бойынша қол жеткізуге мүмкін болды - ТМС тексеру барысында және тарифтік сметалардың баптар шығындарының өзгеруіне байланысты.

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тексеру барысында 2 базалық субъектілеріне өтемдік тарифтер енгізілді, оның ішінде:

- «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК жылумен жабдықтау қызметтерінің құны 36,8%-ға төмендеді, барлық тұтынушылар топтары бойынша, соның ішінде тұрғындар үшін 130 теңге ш.м. 82,21 теңге ш. м. дейін.

- «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК келер жылы таратушы желілер арқылы суды беру және сарқынды суларды айыру бойынша бағалар тұтастай алғанда 5%-ға төмендейтін болады, оның ішінде тұрғындар үшін суға және кәрізге тарифтер 147,75 теңге м3 үшін 140,32 теңге м3 дейін төмендейді.

Басқа да табиғи монополия субъектілеріне жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге өтемдік тарифтер енгізілді.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 жаңадан қабылданған бұйрығына сәйкес, энергия көздерінде электр энергия құнының төмендеуіне байланысты тарифтердің шығыс бөлігін қайта қарау арқылы қызмет құнын төмендету қол жеткізуге мүмкін болды, осыдан энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда бағасының төмендеуі пайда болды.

Осылайша, «Көкшетау Энерго Центр» ЖШС қызмет көрсету шекараларында электрмен жабдықтау 3,1%- ға төмендеуін, оның ішінде тұрғындар үшін баға 16,11 теңге/квтс 15,61 теңге/квтс дейін төмендеуін күтеміз.

«АРЭК-Энергосбыт» ЖШС қызмет көрсетілетін тұтынушылар тұтынушылардың топтары бойынша тарифтер 7,8%-ға, соның ішінде тұрғындар үшін тариф 17,37 теңге/квтсағ. 16,02 теңге/квтс дейін төмендейді.

Степногорск тұтынушылары үшін энергиямен жабдықтауға бағалар орта есеппен 10%-ға, оның ішінде тұрғындар үшін электр энергиясының бағасы 13,44 теңге/квтс 11,96 теңге/квтс дейін төмендейді. 

Бір мезгілде Степногорск қаласы бойынша жылу энергиясы және су шаруашылығы жүйесі бойынша төмендейді.

Сонымен стратегиялық тауар – электр энергия құнын төмендету есебінен «Степногорск – водоканал» ШЖҚ МКК қызметтері төмендейді, соның ішінде: ауызсу 6,2%-ға; сарқынды суларды айыру 7,85%-ға және сарқынды суларды тазарту - 7,95%-ға.

«Степногорск Энергосбыт» ЖШС жылумен жабдықтау бойынша қызметтері үшін 2019 жылғы 01 қаңтардан тұтынушыларға ақыны 6,42%-ға төмендетіп ұсынады, соның ішінде есепке алу аспаптарын орнату 90%-дан астам құрайтын тұрғындар бойынша тариф 5072,2 теңге/Гкал 4746,71 теңге/Гкал дейін (ҚҚС-мен) төмендейді.

Сонымен қатар, Департаментпен Көкшетау, Степногорск қалаларында коммуналдық қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде тұрғындармен 8 қоғамдық қабылдау бөлмелері өткізілді. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен ТҮКШ қоғамдық бірлестіктерінің, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП, «Нұр-Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ, монополистердің негізсіз алынған табыстарын анықтау және оларды тұтынушыларға қайтару мақсатында Көкшетау қ. әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК қатысты жоспардан тыс тексеру ашылды. Оның барысында 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап сумен жабдықтау қызметтеріне уақытша өтемдік тарифтердің шекті деңгейлері, сараланған тарифтер енгізілді.

Сумен жабдықтау саласында қолданыстағы тарифтердің орташа төмендеуі – 4,8%-құрайды, оның ішінде:

         - тұрғындар үшін 79,01 75,2 теңге/м3 дейін;

        - заңды тұлғалар үшін 196,08 183,13 теңге/м3 дейін;

        - бюджеттік ұйымдар үшін 149,21 139,93 теңге/м3 дейін);

        Суды айыру (кәріз) саласында қолданыстағы тарифтердің орташа төмендеуі 5,3% - құрайды, оның ішінде:

         - тұрғындар үшін 69,45 65,12 теңге/м3 дейін;

        - заңды тұлғалар үшін  103,18 86,05 теңге/м3 дейін;

       - бюджеттік ұйымдар үшін 83,82 дейін 75,6 теңге/м3);

       Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап барлық коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетіледі (сумен жабдықтау, суды айыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен қамтамасыз ету).

Изменен: 29.12.2018 16:30