Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары брифингте субъектілердің тарифтерін төмендету мен уақытша өтемдік тарифтер еңгізу туралы сөз сөйледі
03.01.2019 11:40

Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары брифингте субъектілердің тарифтерін төмендету мен уақытша өтемдік тарифтер еңгізу туралы сөз сөйледі

2018 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша  департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы бойынша субъектілердің тарифтерін төмендету туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Қайырбек жиналған қауымға Мемлекет басшысының 2018 жылғы 7 қарашасында Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында  өткізілген іс-шаралар туралы толықтай мәлімдеме жасады.

Коммуналдық шаруашылық қызмет салаларына  қатысты Департаментте қоғамдық кабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдаудың жұмысына  мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың уәкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатысты. Қоғамдық қабылдауға жалпы саны 550 адам қатысты.

Қорытындылай келе, Департамент басшысының орынбасары жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде түпкілікті тұтынушылар үшін тарифтер 2,8% -дан 18%-ға дейін төмендеді, сәйкесінше:

 

Газбен жабдықтау саласында:

Біріншіден, инвестициялық бағдарламадағы шаралардың орындалмағандығы үшін 500 млн.тг.

Екіншіден, 2017 жылдың фактілік көрсетілген қызмет көлемінің артқандығы байланысты, уәкілетті орган тарифті төмендетуге тиіс. 1,5 млрд.теңге үнемділік. Аталған  жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айында атқарылды.

Үшіншіден, 2019-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламадағы қаражаттар 5 млрд.теңгеге төмендеді.

Сонымен қатар, көтерме бағамен сатылатын газдың бағасының төмендеуі.

Барлығын қосқанда, бұл «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарифі 16%  төмендеді.

 

Жылумен жабдықтау саласында:

Жылу өндірушілердің тарифтерінің төмендеуі.

Газ тарифінің төмендеуі жылумен жабдықтауға тиімді әсерін тигізді.

Сонымен қатар, қосымша шаралар жүргізілді.

Мысалы «Алматы электр станциялары» АҚ инвестициялық бағдарлама шараларын орындамағаны үшін 107 млн. теңге, нвестициялық бағдарлама үшін шығындарының 800 млн.теңгеге қысқаруы.

«Алматыжылужайэнерго» ЖШС бойынша инвестициялық бағдарлама шығындарының 100 млн.теңгеге қысқаруы.

Барлығын қосқанда, «Алматы жылу жүйелерінің» тарифінің 18% қысқаруына әкелді.

 

Сумен жыбдықтау және кәріз жүйелері саласында:

Инвестициялық бағдарламар үшін шығындардың шамамен 700 млн.теңгеге дейін қысқаруы.

Аталған шаралар су және канализацияға «Алматы Су» МКК тарифінің  10%-ға төмендеуіне әкелді.

 

Электр энергиясымен жабдықтау:

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын тасымалдау тарифі 10% төмендеді.

Сонымен қатар, «КЕГОК» АҚ Комитет тарапынан 2018 жылғы тарифінің бір деңгейде қалдыруынан, 2019 жылғы жоспарлы тарифтің көтерілмеуі және энергия өндіруші мекемелерінің тарифтерінің төмендеуінің әсерінен, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС тарифі 2,8% төмендейді.

Изменен: 03.01.2019 11:44