Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитет «Қазтелерадио» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді аяқтады
08.01.2019 10:55

Комитет «Қазтелерадио» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеруді аяқтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Қазтелерадио» АҚ-ға (бұдан әрі – Қоғам) қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізді.

Қоғамның әрекеттерінде телекоммуникациялық жабдықтарды сақтау жөніндегі қызметтерге нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолданудан көрінген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі анықталды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2018 жылғы 20 қарашадағы қаулымен Қоғамды құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 11 618 205,36 теңге мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды (қазіргі кезде заңды күшіне енді).

Бұдан басқа, Қоғамның атына Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарылды.

Изменен: 08.01.2019 10:57