Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Павлодар қаласында Монополиялық нарық және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтініштерін қарау тәртібіне бірыңғай салалық талаптарды әзірлеу жқініндегі дөңгелек үстел өтті
11.01.2019 17:47

Павлодар қаласында Монополиялық нарық және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтініштерін қарау тәртібіне бірыңғай салалық талаптарды әзірлеу жқініндегі дөңгелек үстел өтті

2019 жылғы 11 қаңтарда Павлодар қаласында монополиялық нарық және квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

         Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің бастамасы бойынша өтті, оның мақсаты монополиялық нарық және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтініштерін қарау тәртібіне, сондай-ақ азаматтардың шағымдарын өңдеу және ден қою тәртібіне, оларды қарау сапасын коммуникацияның электрондық арналарын пайдалана отырып тексеру мүмкіндігі мәселесін егжей-тегжейлі талқылау болды.

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Абу-Али Саттар құттықтау сөз сөйледі.

         Осыдан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Департамент басшысы Олег Костенко баяндама жасады.

         Олег Костенко Департаменттің Мемлекет басшысы 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінде айтқан «Бас прокуратураның 2015-2017 жылдар электр және жылу энергиясына тарифтерді қалыптастырудың заңдылығын тексеру нәтижелері туралы» тапырмасын іске асыру шеңберінде табиғ монополиялар субъектілерінің қызметтеріне қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша жұмыс жүргізгенін, сондай-ақ 2018 жылғы қараша-желтоқсан бойы Қоғамдық бақылау апта сайын жұмыс істегенін атап өтті.

         Сондай-ақ Олег Костенко реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау бөлігінде табиғи монополиялар субъектілері ұсынған ақпаратқа тоқталды.

         Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу бөлімінің басшысы Владислав Ким баяндама жасады.  

         Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің атынан Дөңгелек үстелге Төрағаның орынбасары Асан Дарбаев қатысты.

 Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ монополиялық нарық және квазимемлекеттік сектор субъектілері де қатысты.   

Проблемалық мәселелер мен дөңгелек үстелге қатысушылар арасындағы ұсыныстар талқыланып, кездесу қорытындыланды.

Сонымен қатар, осы күні Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде Асан Дарбаев Павлодар облысы бойынша департаментінде қызметкерлердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған кезекті кеңес өткізді, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл мәселелерінің міндетін түсіндірді.   

Изменен: 11.01.2019 17:50