Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Medical Active Group» ЖШС, «Аманат» ЖШС және «Гелика» ЖШС  өтініштері бойынша Келісу комиссиясының отырыстары өтті
26.06.2019 17:09

Комитетте «Medical Active Group» ЖШС, «Аманат» ЖШС және «Гелика» ЖШС өтініштері бойынша Келісу комиссиясының отырыстары өтті

2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде (бұдан әрі - комитет) Комитет төрағасы Азамат Майтиевтің басшылығымен келісу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) отырысы өтті.

Отырыстарда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты тергеу нәтижелері бойынша қорытындылар жобалары қаралды:

- «Medical Active Group» ЖШС-ның өтініші бойынша, «Medical Active Group», «ОрдаМедПетропавловск», «Агрия, «Медоника» сауда-саттықта бағаны ұстап тұру бөлігінде  бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім белгілері бойынша (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы);

- «Аманат» ЖШС-нің өтініші бойынша, «Аманат» және «Гелика» сауда-саттықтың бағасын ұстап тұру және нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе оларды сатып алушылар ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығару бөлігінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім белгілері бойынша (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағының 5) тармақшасы).

«Medical Active Group» ЖШС өтініші негізінде Комиссия отырысының қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен уәкілетті органдарға келісу комиссиясын өткізу барысында туындаған мәселелерді және «Medical Active Group» ЖШС болып табылатын тексеру объектісі қосымша ұсынатын құжаттарды ескере отырып, «Medical Active Group», «Ордамедпетловск», «Агрия», «Медоника» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасын пысықтауды ұсыну, және жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша оның іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісінің болуы не болмауы туралы қорытынды жасау туралы шешім қабылданды.

«Аманат» ЖШС өтініші негізінде Комиссия отырысының қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен уәкілетті органдарға «Аманат» және «Гелика» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасын пысықтауды ұсыну туралы шешім қабылданды.

«Гелика» ЖШС өтініші бойынша Келісу комиссиясының шешімімен қорытынды жобасын қарау жөніндегі отырыс кейінге қалдырылды.

Комиссия отырысының хаттамасымен, оған Келісу комиссиясының мүшелері қол қойғаннан кейін Комитет сайтының «Келісу комиссиясы» бөлімінде танысуға болады (www.kremzk.gov.kz).

Изменен: 26.06.2019 17:11