Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитте «Гелика» ЖШС және «ОрдаМед Петропавловск» ЖШС өтініштері бойынша Келісу комиссиялардың отырыстары өтті
03.07.2019 10:43

Комитте «Гелика» ЖШС және «ОрдаМед Петропавловск» ЖШС өтініштері бойынша Келісу комиссиялардың отырыстары өтті

2019 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде (бұдан әрі - комитет) Комитет төрағасы Азамат Майтиевтің басшылығымен келісу комиссиялардың (бұдан әрі - Комиссия) отырыстары өтті.

Отырыстарда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты тергеу нәтижелері бойынша қорытындылар жобалары қаралды:

- «ОрдаМедПетропавловск» ЖШС-ның өтініші бойынша «ОрдаМедПетропавловск», «Medical Active Group», «», «Агрия, «Медоника» сауда-саттықта бағаларды өсіруге және ұстап тұру бөлігінде  бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім белгілері бойынша (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы);

- «Гелика» ЖШС-нің өтініші бойынша, «Аманат» және «Гелика» сауда-саттықтың бағасын ұстап тұру және нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе оларды сатып алушылар ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығару бөлігінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім белгілері бойынша (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағының 5) тармақшасы).

«Гелика» ЖШС өтініші негізінде Комиссия отырысының қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен уәкілетті органдарға «Аманат» және «Гелика» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасын комиссия мүшелерінің ескертулерін және ұсыныстарын ескере отырып, пысықтауды ұсыну туралы шешім қабылданды.

«ОрдаМед Петропавловск» ЖШС өтініші негізінде Комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірауыздан қабылданған шешіммен уәкілетті органдарға «ОрдаМед Петропавловск» «Medical Active Group», «Агрия», «Медоника» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасын комиссия мүшелерінің ескертулерін және ұсыныстарын ескере отырып, пысықтауды ұсыну туралы шешім қабылданды

Комиссия отырысының хаттамасымен, оған Келісу комиссиясының мүшелері қол қойғаннан кейін Комитет сайтының «Келісу комиссиясы» бөлімінде танысуға болады (www.kremzk.gov.kz).

Изменен: 03.07.2019 10:45