Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 2018-2019 жылдар жылыту кезеңіне жылумен жабдықтау қызметтері үшін қаражат қайтарылады
03.07.2019 16:43

Жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 2018-2019 жылдар жылыту кезеңіне жылумен жабдықтау қызметтері үшін қаражат қайтарылады

Монополияға қарсы комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстанның барлық өңірлері бөлінісінде жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізді.  

         Аталған жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын, оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде қаражатты есептеуді қайтару тұтынушының жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады.

2018-2019 жылдар жылыту кезеңі үшін жылумен жабдықтау қызметтері үшін тұтынушыларға қаражатты қайтарудың жалпы сомасы ҚҚС-ты есептегенде 805 134,67 мың теңгені құрады.

Осылайша, өңірлер бөлінісінде 2018-2019 жылы жылыту кезеңі үшін қайта есептеу сомасы ҚҚС-ты есептегенде мынаны құрады:

- Алматы қаласы бойынша – 189 189,67 мың теңге;

- Шымкент қаласы бойынша – 39 979,95 мың теңге;

- Алматы облысы бойынша – 2 225,98 мың теңге;

- Ақмола облысы бойынша – 19 190,41 мың теңге;

- Атырау облысы бойынша – 42 534,39 мың теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша – 13 781,46 мың теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 65 751,59 мың теңге;

- Жамбыл облысы бойынша – 43 838,43 мың теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 899,25 мың теңге;

- Қарағанды облысы бойынша – 253 065,41 мың теңге;

- Қостанай облысы бойынша – 39 748,34 мың теңге;

- Қызылорда облысы бойынша – 80 661,14 мың теңге;

- Маңғыстау облысы бойынша – 9 067,92 мың теңге;

- Павлодар облысы бойынша – 139,66 мың теңге;

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 3 052,75 мың теңге;

- Түркістан облысы бойынша – 1 008,32 мың теңге.

Бұл ретте, жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып ай сайын нақты тұтынылған қызмет үшін тұтынушылармен есептеу жүргізуіне байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының Ақтау қаласында қаражат қайтарылмайтынын атап өткен жөн.

Анықтама ретінде: Сұрақтар бойынша мына байланыс телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 74-38-80. 

Изменен: 03.07.2019 16:44