Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Қайрат Нұрғалиев, Комиеттің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы тұтынушылардың сақтығы туралы
25.07.2019 08:15

Қайрат Нұрғалиев, Комиеттің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы тұтынушылардың сақтығы туралы

Біздер тұтынушылар күнде сауда орталықтарына, дүкендерге, сауда нүктерлеріне барғанда, тауардың салмағы сәйкес еместігін, әсіресе азық-түлік сауда нүктелерінде сатып алып жатқанда, тауардың салмағы қорабындағы нақты салмағына сәйкес еместігін байқаймыз. Мысалы азық-түлік сауда нүктелерінде (күріш немесе қант) тауарларын сатып алғанда тауардың салмағы сәйкеспе жоқ па күдіктендіреді. Ал үйге келіп өлшегенде басқа салмақ көрсетіп тұрады.

Осындай жағдайда тұтынушының назарында сауда залында техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік құзыретті органдармен пломбыланған бақылау таразысы болуы қажет, сонымен қатар көріністе тұрған, көрме-сөреде тауардың жеке бағасын анықтау үшін штрих-код болуы қажет. Тауардың бағасы мен  салмақ өлшейтін техникалық құралдардың болмауы күдік тудырады, ал тауардың сөреде тұрған бағасы кассадағы чекке сәйкес келуі керек, әсіресе целлофандағы төгілетін заттар буып түйілген дүкеннің қоймасында көрме-сөредегі тауарға сәйкес келеме жоқпа күдік тудырады.

Ал тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне келетін болсақ, ол ерекше жағдай (пайдалану мерзімінен өткен, сақталу мерзімі, қызмет мерзімі, кепілдік мерзімі) бұлар сөзсіз талқылауға жатпайды.

Арығарай қиын жағдайға тап болмауға және өзіміз жауапты болып қалмауға қандай әрекет жасауға болады? 

Әрине ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы заңына қарап, өз құқымызды талап етеміз:

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы заңының 10 бабына сәйкес тұтынушы тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) және сатушы (өндіруші, орындаушы) жөнінде толық, анық, уақытылы ақпарат алуға құқылы.

Ал осы Заңның 11 бабына сәйкес сатып алынған тауардың (жұмысты, көрсетілетін қызметтің) сапасы, салмағы, саны тұтынушының қатысуымен  тексеріске құқылы,  тауардың дұрыс және қауіпсіз пайдалануды көру немесе тексеріс жүргізуге құқылы; сату кезінде тауар үлгі мен сипатттауға сәйкес болса алуға құқылы.

Заңның 18 бабына сәйкес сатушы тауарды сатқанын растайтын құжат беруге міндетті, чектің және басқа да растайтын құжат, жоқ болған жағдайда кәгерлердің жауаптарымен және де басқа да дәлелдеу фактісімен (оның ішінде фото-видео деректермен) тұтынушы құқынан айрылмай, сылтау қылуға құқығы бар.

ТҚҚ Заңының 24, 25, 26, 27, 28, 32 баптарына сәйкес ақпарат беру сатушының тікелей міндетіне кіреді:

-         Сатушы, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет), сауда қағидасын сақтау,

-         (бақылау –кассалық машинаны қолдану,

-         тауардың баға көрсеткішінде жазбаша баға көрсету,

-         тұтынушыға тауардың қайтарылмайтын жөнінде ақпараттандыру,

-         тұтынушының қалауы  бойынша сәйкестік сертификатын ұсыну т.б.)

-         көрінетін жерде жұмыс кестесі, сатушының (заңды және жеке тұлға) деректемесі туралы ақпарат жайғасып тұру керек, 

-         Сауда заңдылығын растайтын тіркеулі және рұқсаттық құжаттама болуы.

-         Тұтынушы наразылығымен жүгінуге болатын тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын уәкілеттін органның мекен-жайымен, телефоны казақ және орыс тілінде көрсетілуі керек.

Сатушы міндеттерін дұрыс орындамағаннан, сонымен қатар тексеруден бас тартса, жеткізбей өлшеген зауыттық емес қаптамада капталған төгілетін тауарды, яғни күдік туғызатын қаптамада, тауардың құны нақты құнымен сәйкес болмаған жағдайда, Сіз сатушыға таразыдан жеп қалған, таразылау мен өлшеу арқылы жүктей аласыз, орындамаған жағдайда құзыретті құқық қорғау органға нақты бұзушылықпен хабарласа аласыз немесе жазбаша арыз жазасыз.  

Аумақтық құзыретті құқық қорғау органы тексеріс ұйымдастырған кезде, өнімді «бақылап-сатып алып» жедел іс-шара түрінде Тұтынушылардың алдау фактісін анықтап, сатушының қаскөйлік іс-қимылын анықтаса, ҚР Әкімшілік құқық   бұзушылық кодексінің 190 бабына сәйкес сатушының кінәсі дәлелденген соң, кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынады, қайталанған жағдайда сатушы белгілі бір қызметінің лицензиясынан айрылады.

Тұтынушының ұстанымы – тауардың қауіпсіздігі мен сапасының талапшылдығы, соның ішінде адалдықтың артуы және сауда ережесінің сақталуы.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында туындаған сұрақтарға байланысты төмендегі мекен-жайға хабарласыңыз:

Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 156-А үй,

«Қауырт желі» телефоны: 8 (7122) 213101      

Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы Нұрғалиев Қайрат Кенжебайұлы.

Дереккөз: "Құлсары" республикалық апталық газетасы, № 30 (792), 25 шілде 2019 жыл.

Изменен: 25.07.2019 08:22