Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Монополияға қарсы ведомствоның қызметкерлері Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинарға қатысты
26.07.2019 17:52

Монополияға қарсы ведомствоның қызметкерлері Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинарға қатысты

2019 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері Ақмола облысының Щучинск қаласында «Экономикалық бәсекелестік: нормаларды практикада құқықтық қолдану» атты семинарда сөз сөйледі, онда Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды.

Семинарды нарық субъектілері мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен бәсекелестікті қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын қолдану практикасымен танысу мақсатында «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ өткізді.

Өнеркәсіп саласындағы тергеу басқармасының басшысы Жанар Асылханқызы Әдікова және Отын-энергетика кешені саласындағы тергеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Рақымжан тауар нарығын талдау кезінде тауарлық және географиялық шекараларды айқындау және монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар бойынша тергеп-тексеру жүргізу рәсімдері мәселелері жөнінде, оның ішінде тараптардың құқықтары мен міндеттері жөнінде сөз сөйледі.

Изменен: 26.07.2019 17:53