Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы орган 30 табиғи монополия субъектілеріне уақытша өтемдік тарифтерін енгізді
09.08.2019 09:27

Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы орган 30 табиғи монополия субъектілеріне уақытша өтемдік тарифтерін енгізді

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында табиғи монополиялар субъектілерінің өткен жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерін ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұсынуы қарастырылған.

        Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы орган  Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізілген 56 табиғи монополиялар субъектілерін бақылау және реттеуді жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

        Жаңадан құрылғандарды қоспағанда, 48 табиғи монополия субъектісіне 2018 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуына талдау жүргізілді, оның ішінде 8 табиғи монополия субъектісі есепті уақытында тапсырмаған. Заңнамалық талаптардың есептілік мерзімдері бұзылғаны үшін аталған табиғи монополия субъектілері жалпы сомасы 3 030 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

         Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2018 жылға арналған тарифтік сметалардың орындалуына жасалған талдау нәтижелері бойынша тарифтік сметаның орындадуында заңда рұқсат етілген деңгейден асатын қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның шараларын орындамағаны үшін, 30 табиғи монополия субъектілеріне көрсетілетін қызметтің 32 түрі бойынша жалпы сомасы 386,014 млн. теңге көлемінде уақытша  өтемдік тарифтер енгізілді, оның ішінде:

                           
        Сумен жабдықтау қызметі бойынша       
    1. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, тұрғындар үшін тариф 78,72 т/м3-тен 75,62 т/м3-ге дейін немесе 4% төмендетілді;                                                      
    2. «Ордабасы өндірістік аймағы» ЖШС 223,1 т/м3-тен 219,02 т/м3 дейін немесе 2,3% төмендетілді;
    3. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ 88,18 т/м3-ден 77,67 т/м3 дейін немесе 12% төмендетілді;
    4. «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК 32,6 т/м3-тен 32,598 т/м3 дейін;
    5. «№3 Шымкент қалалық ауруханасы» МКК 49,56 т/м3-ден 42,11 т/м3 дейін немесе 15% төмендетілді.
 
      Сарқынды суды бұру қызметі бойынша                         
   1.«Ордабасы индустриалды аймағы» ЖШС 224,1 т/м3-ден 219,02 т/м3 дейін немесе 2,3% төмендетілді;
   2. «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК қолданыстағы заңнамаға сәйкес 33966,2 мың теңге мөлшеріндегі инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін өтемдік тарифтің шекті деңгейі қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін енгізілетін болады.

 


     Жылу энергиясын тасымалдау бойынша

1. «3-Энергоорталық» АҚ-ның тарифі 1 Гкал үшін 459,02 теңгеден 152,88 теңгеге немесе 66,7%-ға төмендеді.

 

 

Газды тасымалдау бойынша

1. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ инвестициялық бағдарламасын 67509 мың теңге мөлшерінде орындамағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф шекті тарифтің қолданылу мерзімі өткеннен кейін енгізіледі;

2. «Женис-Т» ЖШС-і  бойынша 1 м3 үшін 3588,67 теңгеден 3497,16 теңгеге дейін немесе 2,6%-ға төмендеді.

 

Электр энергиясын беру бойынша

1. «Энтальпия» ЖШС-не 1 кВт.сағ үшін тариф 2,349 теңгеден 2,207 теңгеге немесе 6%-ға төмендетілді;

2. «Энергострой-Indastry» ЖШС-не 1 кВт.сағ үшін тариф 1 теңгеден 0,58 теңгеге немесе 42%-ға төмендетілді;

3. «Нұр Арыстан» ЖШС-не 1 кВт.сағ үшін тариф 2,27 теңгеден 1,82 теңгеге немесе 19,82%-ға төмендеді.

4."VELES DISTRIBUTION" ЖШС-не 1 кВт.сағ үшін тариф 2,64 теңгеден 2,21 теңгеге немесе 16,3%-ға төмендеді.

 

Кірме жолдар бойынша

1.«Нурибал база» ЖШС-не тариф 1 вагон-км үшін 5008,7 теңгеден 3812,5 теңгеге дейін немесе 23,9 % -ға төмендеді;

2. «Grand logistic» ЖШС-не ЖШС-не тариф 1 вагон-км үшін 184,7 теңгеден 161,8 теңгеге дейін немесе 12,4%-ға төмендеді;

3. «Шымкен Рем Сервис» ЖШС-не тариф 1 вагон-км үшін 6805,9 теңгеден 6622,02 теңгеге дейін немесе 2,7 %-ға төмендеді;

4. «Шымкентдорстрой» ӨК-не тариф 1 вагон/км үшін 906 теңгеден 653,64 теңгеге дейін немесе 27,85%-ға төмендеді;

5. «Нур» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 1613,9 теңгеден 1547,6 теңгеге дейін немесе 4,1%-ға төмендеді;

6. «Конка сервис» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 13147,8 теңгеден 7310,1 теңгеге дейін немесе 44,4%-ға төмендеді;

7. «Мунай БК» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 1507,4 теңгеден 401,5 теңгеге дейін немесе 73,4 %-ға төмендеді;

8. «Отын» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 1145,6 теңгеден 930,3 теңгеге дейін немесе 18,8%-ға төмендеді;

9. «Дала» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 1815 теңгеден 1739,3 теңгеге дейін немесе 4,2%-ға төмендеді;

10. «Құрылыс материалы» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 2101 теңгеден 1292,1 теңгеге дейін немесе 38,5%-ға төмендеді;

11. «Торговый дом АгроФуд» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 5632,6 теңгеден 4484,4 теңгеге дейін немесе 20,4%-ға төмендеді;

12. «NT Real Service» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 3778,3 теңгеден 2892,6 теңгеге дейін немесе 23,4%-ға төмендеді.

13. «Путьтранссервис» ЖШС-не тариф 1 вагон/км үшін 5801,4 теңгеден 271,4 теңгеге дейін немесе 95,3%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Көлік прокуратурасының ұсынымын қарау нәтижелері бойынша, 2017 жылға кірме жолдар қызметін көрсететін субъектілер тарапынан болған бұзушылықтар қатары анықталған бөлігінде Шымкент қаласының монополияға қарсы органы салған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 795 ,5 мың теңге құраған 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанын, сонымен бірге 7 құқық бұзушылықты жою туралы қаулы шыққанын атап өткен жөн.

Шымкент қаласының монополияға қарсы органы 2018 жылға жүргізілген талдау қорытындысын есепке ала отырып, келесі субъектілерге уақытша өтемдік тарифтер енгізілді:

1. «Бытие» АҚ-на тариф 1 вагон-км үшін 2019 жылдың 1 қаркүйегінен 2020 жылдың 30 маусымы аралығына 357,7 теңгеден 355,3 теңгеге дейін немесе 0,7%-ға, 2020 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 тамызы аралығына 471,1 теңгеден 468,7 теңгеге дейін немесе 0,5%-ға төмендетілді;

2. ЖК «Кучкаровқа» тариф 1 вагон-км үшін 8853,1 теңгеден 6840,4 теңгеге немесе 22,7%-ға төмендетілді;

3. «ШымкентЖилстрой» ЖШС-не тариф 1 вагон-км үшін 3235,4 теңгеден 2269,5 теңгеге немесе 29,9%-ға төмендетілді;

4. «Абдулла» ӨК-не тариф 1 вагон-км үшін 9008,2 теңгеден 6768,6 теңгеге немесе 24,9%-ға төмендетілді;

5. «Интертранс и К» ЖШС-не тариф 1 вагон-км үшін 901,3 теңгеден 741,23 теңгеге немесе 17,8%-ға төмендетілді.

Осылайша, тұтынушыларға қайтарылатын сома 386 млн. теңгеден астам қаржыны құраған, 210 мыңнан аса абонентердің немесе мыңнан аса тұтынушылардың құқығы қорғалды.

Уақытша өтемдік тарифтерді енгізу қорытындысында тұтынушыларға келтірілген шығын толығымен бір жылда қайтарылатын болады.

Департамент бұдан әрі де тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жалғастыратын болады.

Изменен: 09.08.2019 09:30