Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Мамиева Айнура, Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы жиһазға тапсырыс беру және сатып алу кезінде алданған болсаңыз не істеу керек туралы
13.08.2019 11:35

Мамиева Айнура, Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаментінің бас маманы жиһазға тапсырыс беру және сатып алу кезінде алданған болсаңыз не істеу керек туралы

Көптеген фирмалар жиһаз жасауға тапсырыс ұсынады. Бүгін сіздің талаптарыңызға және интерьеріңізге сәйкес келетін корпустық жиһазды сатып алудың көптеген жолдары бар. Бірақ көбінесе фирмалар мерзімі бойынша өз міндеттемелерін бұзады, сапасыз материалдарды пайдаланады немесе жиһазды монтаждау кезінде қателесуге жол береді. Ал кейде жаңа шкаф-купе немесе ас үй гарнитурын орнату монтаждау кезінде шаруашылық мүлігінің бүлінуіне әкеп соғады. Өзін жосықсыз сатушылардан (дайындаушылардан) қалай қорғау керек? Бұл жағдайда "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің нормаларына жүгіну керек. Осы нормативтік-құқықтық актілер тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы қатынастарды егжей-тегжейлі регламенттейді.

Ең алдымен, шарттың барлық тармақтарын мұқият зерттеңіз. Шартқа енгізу үшін қажет міндетті шарттар:

  • Шарттың мәні мен бағасы, бұл ретте шарт бағасына мыналар:
    • жиһаздың бағасы;
    • орнату және жеткізу құны не тапсырыстың жалпы бағасы;
    • аванс кіруі мүмкін.
  • Жиһазға арналған үй-жайды өлшеу – өлшеуді кім жүргізеді және осы қызметтің төлемділігі;
  • Жиһаз жобасын (жиһаз эскизін, дизайн-жобаны) орындау туралы талап;
  • Дайындау мерзімі;
    • Жасап шығарушы-фирманың мекен-жайы мен орналасқан жері;
  • Жеткізу талаптары (оның ішінде тұтынушының пәтеріне дейін жиһазды көтеру және оны орнату шарттары);
  • Кепілдік мерзімдері;
  • Тараптардың жауапкершілігі.

Көбінесе, жиһаз жасау шартында тапсырыс беруші жұмыстарды тиісінше орындамаған жағдайда кемшіліктерді жою мерзімі кепілдік мерзімінен аз деп көрсетілген. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес», егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоюға құқылы.

Жиһазды дайындауға кемшіліктер анықталған кезде тұтынушы өз таңдауы бойынша:

  • кемшіліктерді өтеусіз жоюды;
  • сатып алу бағасын тиісті мөлшерде азайтуды;
  • сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе қайта қызмет көрсетуді;
  • тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.

            Бұл талаптар жұмысты (қызметті) қабылдау кезінде кемшіліктерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты жұмыстарды қабылдаған күннен бастап 3 жыл ішінде қойылуы мүмкін. Жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктер, егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жойылуға тиіс.

Егер орындаушы жұмысты орындау (қызмет көрсету) мерзімдерін – жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және (немесе) аяқтау мерзімдерін және жұмысты орындаудың (қызмет көрсетудің) аралық мерзімдерін бұзса, оны мерзімінде аяқтау анық мүмкін болмаса, онда тұтынушы шарттан бас тартуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы. Жұмысты орындауды (қызмет көрсетуді) бастау және аяқтау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы, егер шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін жұмыс (көрсетілетін қызмет) құнының 1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс.

            Жиһаздың тиісті сапасы кезінде тұтынушы, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, ол пайдалануда (пайдалануда) болмаған, оның тауарлық түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған, басқа мөлшердегі, нысандағы, габаритті, фасонды, түстерді, жиынтықтауды және тағы сол сияқтыларды ұқсас тауарға не баға айырмашылығы болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға қажетті қайта есептеу жүргізілген жағдайда, тауарды 14 күн ішінде айырбастауға немесе қайтаруға құқылы. Сатушыда айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы.

Жиһаздың тиісті емес сапасы кезінде тұтынушы өз таңдауы бойынша:

  • сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
  • тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды;
  • тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
  • соған ұқсас маркалы (моделді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
  • сатып алу бағасын қайта есептеуіне сәйкес басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
  • шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Құрметті тұтынушы, егер Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, тауарды (жұмысты, қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою және осы бұзушылықтармен келтірілген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы талап-арызбен, қоғамдық бірлестіктерге шағыммен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға түсіндіру немесе кеңес алу үшін немесе шартты бұзу, соманы, моральдық зиянды, сот шығындарын қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

Өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қорықпаңыз! Есте сақтаңыз, сауатты тұтынушы - бұл кім:

- әрқашан адал және заңдарды сақтайды;

- бар қаражатқа ақылға қонымды иелік етеді;

- әрқашан қаптамада ақпаратты оқиды;

- тауар, фискалдық чектерді, кепілдік талондарды және түбіртектерді сақтайды;

- тек тексерілген адал фирмаларға өтініш жасайды, қол қоятын құжаттарды мұқият оқиды;

- тек негізделген наразылықтарды ұсынады және басталған істі аяғына дейін жеткізеді.

 

 

 

Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестікті және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау Комитетінің

Қостанай облысы бойынша

Департаментінің тұтынушылардың

құқықтарын қорғау бойынша

бөлімінің бас маманы                                                                                             

А. Мамиева

 

Дереккөз: Облыстық "Қостанай таңы" газеті, № 90 (18889), 2 тамыз 2019 жыл

Изменен: 14.08.2019 11:41