Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган 61 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 1 млрд.-тан астам теңгеге өтемдік тарифтерді енгізді
15.08.2019 18:05

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган 61 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 1 млрд.-тан астам теңгеге өтемдік тарифтерді енгізді

Табиғи монополиялар туралы жаңа заңнаманың талаптарына сәйкес табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне 2018 жылғы тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер ұсынды.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы органға 187 есеп ұсынылды, оның ішінде 76 – тарифтік сметалардың орындалуы бойынша талдау жүргізілді, 36 – инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша талдау жүргізілді, ал қалған 75 есеп бойынша жұмыстар ағымдағы тоқсанның соңына дейін аяқталады.

Жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша 61 монополист үшін 72 көрсетілетін қызмет бойынша жалпы сомасы 1 122 907 710 теңгеге өтемдік тарифтер енгізілді, атап айтқанда:

 

Сумен жабдықтау бойынша:

- 484 245,23 мың теңге тарифтік сметалардың орындалуы бойынша 51 ТМС;

- 62 938,25 мың теңге сомасына инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша 11 ТМС.

 

Су бұру бойынша:

- 271 958,45 мың теңге сомасына тарифтік сметалардың орындалуы бойынша 17 ТМС;

- 1 938,27 мың теңге сомасына инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша 3 ТМС.

 

Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау бойынша:

1.      «Талдықорғанжылусервис» КМК инвестициялық бағдарламаны орындамағаны үшін 49 659,22 мың теңге сомасына өтемдік тариф бекітті, осыған орай тариф 5442,72 теңге/Гкал-дан 5341,42 теңге/Гкал-ға дейін немесе 1,86%-ға төмендеді;

2. «Қапшағайжылу» МКК тарифтік сметаны орындамағаны үшін                      243 899,35 теңге сомасына өтемдік тариф бекітті, осыған орай тариф        3316,29 теңге/Гкал-дан 1987,67 теңге/Гкал-ға дейін немесе 40,06%-ға төмендеді.

 

Газды тасымалдау бойынша:

1.      «Жетісу газ құбыры» ЖШС тарифтік сметаны орындамағаны үшін 7434,23 мың теңге сомасына өтемдік тариф бекітті, тариф 2384,23 теңге/мың м3-ден 2138,13 теңге/мың м3-ге дейін немесе 10,32%-ға төмендеді.

Кірме жолдар бойынша:

1.      «Trams Com Logistics» ЖШС тарифтік сметаны орындамағаны үшін 834,70 мың теңге сомасына өтемдік тариф бекітті, тариф 6937,96 теңге/вагон-км.-дан 6896,90 теңге/вагон-км.-ге дейін немесе 0,59%-ға төмендеді.

         Бекітілген уақытша өтемдік тарифтердің нәтижесінде 1 122 907,71 мың теңге сомасында тұтынушыларға келтірілген шығын өтелетін болады, оның ішінде тарифтік сметаларды орындамағаны үшін - 1008 371,97 мың теңге және инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін – 114 535,74 мың теңге, сондай-ақ қалған есептерді қарау бойынша жыл ішінде толық өтеледі.

 

Изменен: 15.08.2019 18:08