Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды
26.08.2019 13:27

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті «Жолаушылар тасымалы»             АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның әрекеттерінде  жолаушының теміржол көлігімен жол жүруден бас тартуына байланысты жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару кезінде 1000 теңге мөлшерінде негізсіз төлем шарттарын күштеп таңу жолымен тұтынушылардың белгісіз тобының заңды құқықтарына қысым жасаудан көрініс тапқан үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын бұзу фактілері анықталды.

Осыған байланысты, Комитеттің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 176-НҚ бұйрығына сәйкес «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды және 2019 жылғы 28 тамызға дейін орындау мерзімімен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша материалдар сот органдарының қарауында жатыр.

Тергеп-тексеру объектісіне үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың 3-тен                  5 пайызына дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Изменен: 26.08.2019 13:30