Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Рустам Нұрланұлы Ахметов ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
27.08.2019 12:26

Рустам Нұрланұлы Ахметов ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Рустам Нұрланұлы Ахметов ҚР Ұлттық экономика Министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Рустам Ахметов 1978 жылы 22 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. 1999 жылы  Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің заң департаменті талап-арыз жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға референті лауазымына қабылданды. Түрлі жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің аға сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды. 2014 жылғы тамыз айынан бастап 2017 жылғы сәуір аралығында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2017 жылғы сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи ресурстарды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Изменен: 27.08.2019 12:27