Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
10 кіреберіс, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Комитетінің жаңалықтары

Комитетте «Полимедиа» ЖШС-ның өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті
28.08.2019 15:44

Комитетте «Полимедиа» ЖШС-ның өтініші бойынша Келісу комиссиясының отырысы өтті

2019 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінде (бұдан әрі - Комитет) Комитет төрағасы Рустам Ахметовтің басшылығымен келісу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) отырысы өтті.

Отырыста «Полимедиа» және «AJ-techCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қатысты конкурс нәтижелерін бұрмалау бөлігінде бәсекелестікке қарсы деңгейлес келісім белгілері бойынша тергеу нәтижесінің қорытынды жобасы қаралды (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы).

         «Полимедиа» ЖШС өтініші бойынша комиссия отырысының қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен лауазымды тұлғаларға келісу комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, қорытынды жобасын пысықтауды ұсыну шешімі қабылданды.

Комиссия отырысының хаттамасымен, оған Келісу комиссиясының мүшелері қол қойғаннан кейін Комитет сайтының «Келісу комиссиясы» бөлімінде танысуға болады (www.kremzk.gov.kz).

Изменен: 28.08.2019 15:46