Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Біз туралы БАҚ

21.08.2019 10:49

okg.kz: Оңтүстік Қазақстан газетінің ресми сайты

http://okg.kz/article/?id=18022%26alias=zhyludan-eshqandai-problema-bolmaidy

            2016 жылы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті ОҚО бойынша департаменті тарапынан «3-Энергоорталық» АҚ-ны модернизациялау бойынша 2016-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілген болатын. Осыған орай жаңғырту және жөндеу жұмыстарына биылға 132 млн. теңге бөлінді. Өз кезегінде табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «3-Энергоорталық» АҚ журналистерге модернизациялаудың қалай іске асып жатқанын көрсету мақсатында арнайы баспасөз турын ұйымдастырды.

            «3-Энергоорталық» АҚ бас директоры Қайрош Оңғарбаевтың айтуынша, 30 жылдан бері жұмыс істеп тұрған ескі қондырғыларды жаңартуға Еуразиялық топ инвесторлары жылу энергоорталықты модернизациялауға 2 млрд. 59 млн. теңге бөлді. Соның нәтижесінде «3-Энергоорталықтағы» АТ-2 автотрансформатор мен №1 турбогенератор және №1 қазандық агрегаты күрделі жөндеуден өткізілді. Өз кезегінде №3 қазандық пен №2 турбина және ТСНР трансформаторы күрделі жөнделіп жатыр. Осы тұста инвестициялық бағдарламаның маңыздылығын және жалпы жаңғыртудың қымбат жоба екенін атап өткен жөн. Қаражат жеткілікті мөлшерде бөлінгендіктен жөнделетін қондырғыларды  керекті материалдармен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуде ешқандай іркіліс жоқ. 

            Сонымен қатар, инвестициялық бағдарлама аясында қажетті құрылғылар, өлшеу құралдары, станоктар және арнайы техникалар сатып алынбақ. Мәселен, биыл бағдарлама шеңберінде ЭТЕАЖ-электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі ендіріледі. 

            Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты әкімшілік ғимарат, асхана, медициналық қосын қайта қалпына келтіріледі. Былтыр басталған станса аумағын абаттандыру, жарықтандыру, тұрмыстық, өндірістік ғимараттардың шатырларын жөндеу жұмыстары биыл да жалғасын табады. Бүгінде «3-Энергоорталық» ұжымы инвестициялық міндеттемелерді уақтылы әрі сапалы орындауға бар күштерін салып жатыр. 

            Баспасөз туры барысында жылу энергоорталығының бас инженері Бауыржан Байымбетов стендтен стансаның атқаратын негізгі жұмысы және модернизациялаудың қалай жүргізіліп жатқандығы туралы таныстырып өтті. Әрі қарай стансаның ішін аралап, басқару бөлімдерінде болып, жаңғырту жұмыстарын көзімізбен көріп қайттық. Мәселен, турбогенераторлар мен бу қазандықтарының қызметін бір орталықтан басқаратын бөлімнің жұмысымен таныстық. Стансада 3 бу қазандығы болса, соның қазір біреуі ғана істеп тұр, ал, қалған екеуі жөндеуде. Сол секілді 2 турбогенератордың да біреуі жөнделу үстінде. 

            «Шымкент қаласы аумағының ұлғаюымен жылу мен электр энергиясына деген қажеттіліктің артатыны белгілі. Осыған орай станса жанынан тағы 2 газотурбиналық қондырғы орнатылуда. Бұйырса, 2025 жылы пайдалануға беріледі. Ал, жаңғырту жұмыстарының арқасында алдағы қыста қаланы жылумен қамтамасыз етуде біздің тарапымыздан ешқандай мәселе туындамайды деп сенімді түрде айта аламын» дейді «3-Энергоорталық» АҚ-ның бас директоры Қ.Оңғарбаев.

            Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Ońtústik Qazaqstan».

Изменен: 21.08.2019 10:50