Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Біз туралы БАҚ

21.08.2019 18:40

dknews.kz: Бейітті күтіп ұстағаны үшін ақша алған

http://dknews.kz/inner-news.php?id_cat=23 %26%26 id=14737

            Ақтөбеде бейітті бизнеске айналдырғандардың басы бәлеге қалды. Олар екі жыл бойы марқұмдардың туыстарынан қорымды күтіп ұстағаны үшін заңсыз ақша алып келген. Ал, зираттарды қарауды жекеге сеніп тапсырған әкімдік осы уақыт бойы қайда қараған? Әрекеттері әшкере болғандарға қандай шара қолданылады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

             Осыдан екі жыл бұрын әкімдік қала маңындағы 50 бейітті «Жерлеу рәсімін ұйымдастырудың бірыңғай орталығына» сенімгерлік басқаруға беріп қойған болатын. Кәсіпкер аумағын күтіп ұстап, жан-жағын қоршап, тіпті электронды база жасап, жұмысын бірізділікке түсіретінін айтты. Алайда, мұның бәрі құр сөз болып қалған сыңайлы. Шенділер мақтаған компания өзі секілді кәсіпкерлерді зират маңына жолатпай, өз қызметтерін ғана тықпалайтын болып шықты. 

            САҒЫНДЫҚ ЕРҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл жерде бәсекелестік туралы заңнама өрескел бұзылып тұр деп санаймыз. Өйткені, жерлеу қызметін көрсететін ұқсас мердігер болмағаннан кейін бағаны көтеріп жіберген. Бұл бағаны негізсіз өсіруге таптырмайтын әдіс. Егер бәсекелестік тудыра алатын субъект болғанда, керісінше баға өспейді, төмендер еді».

             Орталықтың үстінен шағымданған "Жерлеу қызметтерін көрсетушілер" қауымдастығының өкілдері екен. Әріптестерінің бағаны шарықтатып жібергені былай тұрсын, «өзім қожа, өзім- биге» салынып, қызмет көрсетуші компанияның жұмысшыларын зират аумағына кіргізбей қойды деп отыр.

            РАСИМА ЛАТЫПОВА, ЖЕРЛЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ: «Жақындары өздері зиратты қазып аламыз, жерлейміз деп тұрған тұрғындардың өзінен 20 мың сұрау ақылға қонымсыз. Біздің компанияның жұмысшылары қабір қазуға келсе, кіргізбейді, ертең орнын таппай қаласыңдар деп қоқан-лоқы көрсеткен... Заң бойынша, марқұмды жерлеуге 6 шаршы метр жер тегін беріледі. Әр бейіттің арасында сақталуы тиіс қашықтық өлшемі бар, бірақ, орталық оны бұзып отыр, қалдыруы тиіс 1 метр жердің өзіне адам жерлейді. Бұл өрескел қате емей не?».

             Бейіт бизнесіндегі былыққа қатысты соңғы нүктені Жоғары сот қойды. Кез-келген адамды жерлеуге алты шаршы метр жер тегін берілуі тиіс. Бұл Жер туралы Кодекстің 109 бабы, 3-бөлігінде көрсетілген. Әрі ол үшін марқұмның туыстарынан қаржы талап етуге ешкімнің қақысы жоқ деп түсініктеме берген. 

             Бейіт бизнесіндегі баға  әртүрлі. 80 мың теңгеден басталып, мұсылманша жерлеу рәсімдері 150 мың , кейде тіпті 450 мың теңгеге жетіп жығылады. Бұл бағаны қала маңындағы мазарларды сенімгерлік басқаруға алған компания белгілепті. Ал мұндай қымбатшылықты кез-келгеннің қалтасы көтере бермейтіні анық.

             Христан бейітіндегі қабір қазу жұмыстарына 80 мың, ал мұсылман зираттарындағы жұмыстар үшін 120 мың алып отырғандарын орталық мамандары растады. Алайда, осы айдан бастап артық тиын алмаймыз деп отыр. 

            ӘНУАР ҚУЖАНОВ, ЖЕРЛЕУ РӘСІМІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біз артық алған жоқпыз ешқашан. Біздер бүкіл бағаны акиматпен, ЖКХ-мен келістік. Мына айда 20 мың алмаймыз адам жерлеу үшін. Өйткені, судтан постановление, решение берді, алмаймыз ақша».

             Енді басы дауға қалған орталық өзге кәсіпкерлерді зират маңына жолатпай, бәсекелестікке жол бермегені үшін айыппұл төлеуі мүмкін. Заңда оның көлемі 200-ден 1500 АЕК-ке дейін деп көрсетілген.

Изменен: 21.08.2019 18:41