Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Біз туралы БАҚ

22.08.2019 17:30

syrboyi.kz: Әдептен озғандар жұмыстан шығарылды

https://syrboyi.kz/akparat/32337-depten-ozandar-zhmystan-shyaryldy.html

            Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап  жоғары. Өзінің әділдігімен, сабырлығымен, қарапайымдылығымен, білімімен, тәжірибесімен ғана емес, қызметте және кез келген ортада өзін ұстай білуі, әдептілігі, көпшілік алдында сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысымен де үлгі болуы керек. Алайда, аталған талаптар үдесінен шықпай, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретіндер де жоқ емес. Бұл мәселе Әдеп жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібінде қаралды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы депар­таменті Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 6 мәселені көтерді. Отырыста облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегі заң­нама бұзудың алдын алу бағытында атқарған жұмыс­тарды Омар Бержанов айтты. Департамент басшысы құ­қық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы саясатты насихаттау бағы­тында бірқатар шаралар жасал­ғанымен, жыл басынан 3 қызметкер жұмыстан түрлі себептермен шығарылғанын және 1 сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылық орын алғанын мәлімдеді. – Биылғы 25 сәуірде жұ­мыстан тыс уақытта облыс­тық төтенше жағдайлар басқар­ма­сының аға инженері жеке моншаны тексеру қорытындысымен берілген ұйғарымдаманы орындамау фактісімен әкімшілік жа­уап­­­кершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерден пара алу үстінде ұсталған. Атал­ған дерек негізінде қыз­мет­тік тер­геу жүргізіліп, депар­та­мент­тің аға инженері жұ­­мыс­тан шығарылды. Бұдан бө­лек, тәр­бие және алдын алу жұ­мыс­тарын нашар жүр­гіз­гендері үшін төтенше жағдайлар бас­қар­масының басшысы мен сол уақытта бастықтың міндетін ат­қарушыға тәртіптік жаза жария­ланды. Өз еркімен жұмыстан босату туралы баянат ұсынуына байланысты басқарма басшысы жұмыстан шығарылды, – деді хабарламашы. Тәртіптік кеңес мүшелері департаментте және оған қарасты өрт сөндіру мекемелерінде орын алған қылмыстар мен құ­қық бұзушылықтарды анық­тау мақсатында сыбайлас жем­қорлық мәселелеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған екінші мәселеге байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстағы департамент басшысы Гүлмира Өтегенова хабарлама жасады. – Жұртшылықты хабар­дар ету және ашықтықты қам­тамасыз ету мақсатында өткен жылы 6, биыл 3 жария тыңдау өткізілді. Департаментке былтыр барлығы – 156 жеке және 58 заңды тұлғадан, ал жыл басынан 102 жеке және 24 заңды тұлғадан өтініш қабылданып, оларға жауап жолданды. Соңғы жылдары 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды,– деді ол. Кезекті кеңес отырысында облыстық көліктік бақылау инспекциясы тәртіптік комиссиясының жұмыс нәти­желері, Арал ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілінің өткен 6 айда атқарған қызметінің нәтижелері, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті әкімінің, Шиелі ауданы әкімі аппараты басшысының тәртіптік ісі қаралды. Аталған мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының шешімі қабыл­данып, ұсынымдар берілді. Айсәуле ҚАРАПАЕВА.

Изменен: 22.08.2019 17:31