Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана, 4 кіреберіс, Орынбор көшесі, 8
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-96-38, 74-95-06
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz
Сенім телефоны: +7 (7172) 74-99-71

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көш, 8, 4-кіреберіс, 619-каб., анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-96-27, эл. мекенжай: k.kensekremzk@economy.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды: Стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік). Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органның Стратегиялық және Операциялық жоспарлары бойынша есебін қалыптастыру және жүргізу. Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы, сондай-ақ Комитеттің қызметі туралы тоқсандық және жылдық есептер дайындау, Комитеттің аумақтық департаменттері қызметінің мониторингі, олардың қызметінің рейтингін қалыптастыру. Басшылықтың тапсырмасы бойынша талдамалық жазбалар, таныстыру материалдары мен есептер дайындау. Әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті елдерінде салалық реттеуіштерді дамытудың халықаралық тәжірибесін зерделеу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарына жиынтық ақпарат дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), техникалық ғылымдар мен технологиялар (машина жасау, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), құқық (заңтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіппен, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес топтамасын немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы, Мәңгілік ел көш., 8, 4-кіреберіс, 619-каб өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды. Көшіріп алу ()
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтарын тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы, «С-О-5», 1 бірлік, табиғи монополиялар және бағаларды реттеу бөлімі негізгі қызметкерінің 20.01.2019 жылға дейін декреттік демалыс кезеңіне бас маман, «С-О-5», 1 бірлік бос орындарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурстың қатысушылары жоқ екенін хабарлайды. Көшіріп алу ()
Конкурстық комиссия бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін кондидатпен өткізілген әңгіменің құжаттарын және нәтижелерін қарап, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ШЕШТІ: Тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтарын терге­п-тексерулер бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына (С-О-5 санаты) орналасуға конкурс жеңімпазы Арман Мерекеұлы Бегалин танылсын. Мемлекеттік органдарының бәсекелестікке қарсы ic-әрекеттерінің тергеп-тексерулер бөлімінің бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысушы (С-О-5 санаты) – Нұрлыбек Болатұлы Жұмажанов әңгімелесуден бас тартты. Көшіріп алу ()
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Әуезов к. 230, кабинет 29, анықтама үшін телефон нөмірі: 8-716-25-29-03, факс 8-7162-25-09-09, электрондық мекен-жайы: k.kadry@economy.gov.kz) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды: Көшіріп алу (77 Кб)