Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Нұр-Сұлтан,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Басқа елдердің монополияға қарсы органдарымен халықаралық ынтымақтастығы

21.12.2015

Федералдық монополияға қарсы қызметпен өзара әрекет

Комитеттің қызметкерлері Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінің (Ресейдің ФМҚ) Оқыту-әдістемелік орталығы өткізетін оқыту іс-шараларына тұрақты негізде қатысады.

Жыл сайын Комитеттің қызметкерлері аталған орталықта Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) тәжірибеден өтеді. Оқыту семинарлары сериясында семинарларға қатысушылар Ресей ФМҚ-ның негізделген функциялары мен өкілеттіктерімен, ресейдің монополияға қарсы заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен оны қолдану тәжірибесімен танысатын картельдік тергеу, халықаралық ынтымақтастық мәселелері белсенді талқыланады. Бұл тараптардың ұлттық заңнамасын зерделеу және талдауға Ресей мен Қазақстанның монополияға қарсы органдарының тығыз ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.

2015 жылы Комитет қызметкері 31 наурыз-2 сәуір аралығында Қазан қаласында «Телекоммуникация нарығында тиімді бәсекелестік және бәсекелестік заңнаманың бұзылуының жолын кесу үшін жағдай жасау» тақырыбында өткен шет елдердің және ТМД елдерінің бәсекелестік ведомстволарының сарапшыларына арналған тәжірибеге қатысты.

Бұдан басқа тағылымдамадан өту кезеңінде Ресейдің ФМҚ Оқыту-әдістемелік орталығы алаңында 2015 жылғы 2 сәуірде Қазан қаласында роумингтегі халықаралық байланыс нарығын дамыту мәселелері бойынша Халықаралық жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.

Сонымен қатар 2015 жылғы 14-15 шілде аралығында Астана қаласында Ресей ФМҚ қызметкерлері картельді анықтау және тергеу, субъектілердің үстем жағдайын анықтау үшін тауар нарықтарын талдау жүргізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Комитеттің, оның аумақтық органдарының қызметкерлері үшін семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке спикерлер ретінде Ресейдің ФМҚ Талдау басқармасының басшысы А. Г. Сушкевич және Ресейдің ФМҚ Картельдермен күрес басқармасының басшысы А. Р. Тенишев қатысты.