Туы
Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Ресми интернет ресурс

010000 Астана,
4, 7, 10 кіреберістер, Мәңгілік ел, 8 
Кеңсе телефоны: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
Факс: +7 (7172) 74-94-60
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Жаңалықтар мұрағаты

Облыстар бойынша анықтама ақпарат

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Сіздің пікірлеріңіз

Тарифті реттеу үдерісіндегі ашықтық

Жиі қойылатын сұрақтар

1)  Азаматтарға ақпарат үшін

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы №412 Жарлығына сәйкес, сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдақтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.

Елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берілді.

2) Қызмет көрсетулердің тарифтері:

Электр энергиясының тарифтері туралы.

Жауап: Энергиямен жабдықтау қызметін көрсету (электрмен жабдықтау) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №233 бұйрығымен және өзге де заңнамалық актілермен бекітілген Электрмен жабдықтаудың типтік келісімі арқылы реттеледі.

Газбен жабдықтау мәселесі бойынша

Жауап: «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – газ туралы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭМ) жыл сайын 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайын есепке алу арқылы әрбір облыс, республикалық маңыздағы қалалар, астана үшін жеке тауарлық газды көтерме саудамен алудың шекті бағасын бекітеді.