Флаг
Герб

Комитет по регулированию естественных монополий,
защите конкуренции и прав потребителей
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Официальный интернет ресурс

010000 Нур-Султан,
ул. Мангилик Ел 8 подъезды 4, 7, 10
Телефон канцелярии: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Архив новостей

Справочная информация по областям

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Ваше мнение

Прозрачность процесса тарифного регулирования

Новости Комитета

Марат Тулебаев, Главный специалист Департамента Комитета по г. Шымкент о хитростях в торговле и уловках продавцов
30.04.2019 09:51

Марат Тулебаев, Главный специалист Департамента Комитета по г. Шымкент о хитростях в торговле и уловках продавцов

Сауда индустриясының білгірлері тұтынушының көнілін аударып, көбірек сауда жасауы үшін не ойлап таппайды дейсіз, бұл жерде ол тауардың тұтынушыға керегі бар ма, жоқ па, мәселе онда емес, олардың ойлағаны, сауданы өткізу. Психологтар мен маркетологтар ондаған жылдар бойы, түрлі айла-тәсілдерді ойлап табу мақсатында ерінбей еңбек етті. Ал біз күнделікті дүкенге кірген кезде олардың жетістігін сезінеміз, жоспарлағаннан көп ақша жұмсап, керексіз заттарды толтырып аламыз да, үйге келіп, оны неге алғанымызды білмей аң-таң боламыз. Дүкендегі айлакерлікпен қалай күресеміз? Қарапайым ғана тәсіл – тек оларды білу керек. Бұл мақалада біз сауданың айналасындағы бірқатар айлалар туралы баяндаймыз.

            Ендеше бастайық. Сіз білуіңіз керек, ең қымбат тауарлардың көзге бұрын түсуі үшін оларды көздің деңгейіне қояды. Егер жоғары немесе төмен қарасаңыз, одан бағасы арзан  заттарды тауып аласыз. Сондықтан, дүкенге барғанда назарыңызды өзіңіздің көзіңіз бірінші түсетін заттарға ғана емес, сөрелердегі басқа заттарға да аударыңыз. Бұл сіздің ақшаңызды үнемдеуге мүмкіндік береді.

            Тағы бір айла, өнімдерге арналған арбалар. Бір қарағанда, өте ыңғайлы зат дерсің, алайда психологиялық тұрғыдан алғанда, үлкен арбаға неғұрлым көп зат салғыңыз келеді, ондағы бір-екі зат бізге ыңғайсыздық тудырады.

Айтпақшы, қол арбалары 1930-жылдары АҚШ-та ойлап табылды, ол сатып алушылардың тауарларын көлікке дейін жеткізуге ыңғайлы болу үшін жасалған. Қазірде дүкендерде тіпті азық-түлікті тиеп алып, арбаны босатқан соң оны сонда қалдырып, кете барасың. Бастысы, сатып алушы арбаны қолына алса болғаны. Ал онда не салатынын, өзі тауып алады. Иә, расында да сатып алушы нан мен шұжық алу үшін де автоматты түрде арбаны алады да, психологияның әсеріне ұшырайды. Демек, дүкенге келгенде одан да қолыңызға себетті ұстаңыз, әрине, егер Сіз бір айлық өнімді алуға келмесеңіз.

            «Сары бағалар» (арзандатылған бағалар). Дүкендердегі өте күшті психологиялық қулық. Адамдардың барлығы дүкендегі тауарлардың бағасын есіне сақтай алмайды, оның өзінде бағалар жиі өзгеріп, құбылып тұрады емес пе. Ал арзандатылған баға сатып алушыға магнит сияқты әсер етеді. Жеңілдетілген сауданы көрді екен, баға екінші кезекке шығып қалады. Дегенмен, көрші дүкендегі тура осындай  тауардың бағасы дәл осы сияқты, тіпті төмен де болуы мүмкін.

            Естеріңізде болсын, супермаркеттерде ең алдымен сақтау мерзімі азайған тауарларды сатқылары келеді, тіпті кейбіреуінің мерзімі әне-міне өткелі тұрғаны мүмкін, ал ондайларды сөрелердің бергі жағына тізеді. Ал жақсы өнімдерді арт жағына қарай сырып қояды. Сондықтан, жаңа дайындалған сүт немесе ірімшік алғыңыз келсе,  онда сөренің артқы жағына қол жүгіртуге ерінбеңіз. Сіз іздеген өнім дәл сол жерде болуы мүмкін.

            Супермаркеттерде әдетте сүт өнімдерінің сұранысқа ие екендігіне қарамастан, олар кіреберістен алыс жерге орналастырылады. Сіз қалай ойлайсыз, оның себебі неде? Жауап қарапайым: сіздің дүкенді аралап жүріп, жол ортада қолыңызға тағы бір затты іле кеткеніңіз керек. Сіздің жоспарлағаныңызды ғана сатып алмауыңыз үшін жаңа түсімдер сөрелері, қызық ойыншықтар мен көз тартатын «сатылымдар» сөрелері жұмыс істейді. Нәтижесінде, керек емес затыңызды қалай алып қойғаныңызды өзіңізде сезбей қаласыз. Жарты сағат ішінде арбаңыз аузы-мұрнынан шығып тұр!

            Пайдалыдан зиянға қарай ауысайық. Егер сіз байқаған болсаңыз, супермаркетте жеміс-жидектер шұжық пен чипсіге қарағанда кіреберіске жақын орналасады, мұның да себебі бар. Бұл да сауданы қыздыруға арналған айланың бірі десе де болады. Расымен де, адамдар пайдалы өнімдерді алуға кеңес беріп, мүмкіндік жасаған сайын ол бұл шеңберден қалай шығып кеткенін өзі де білмей қалады да, керісінше ол кассаға дейінгі жол бойы зиянды өнімдерді сатып алады.

            Байқадыңыз ба, супремаркеттерде екі арба қатар қозғалатын орын болмайды, неге? Бұл кездейсоқтық емес – дүкендегілердің сіздің тауарларды тиеп алып, сөрелердің арасымен ақынырақ жылжуыңызды қалайды. Және баяу музыканы да осыған ыңғайлайды. Сіз есеп берместен, асықпай жүріп, жиі алданасыз. Жағымды әуен де сіздің жаныңызға жағады. Осылай, сіздің миыңыз да босаңсып, көз тартарлық ұсыныстарға қарсы әрекет ете алмайды.

            Сезіммен ойын. Супермаркетке кіргенде жаңа піскен тамақтың бұрқыраған иісі мен қуырылған еттің тәбет ашар иісі мұрныңызды жарады... Сөрелерге түрлі салаттар (егер оларды ұдайы ауыстырып отырса жарайды) жайғасқан, ал жаңыңдағы ыдыстарда тұздалған көкөністер қызықтырады. Сілекейің шұбырып, дәмді сөрелерге аяғыңды қалай сүйреп әкелгеніңді байқамай қаласың. Бұл қарапайым рефлекс: асқазанда жедел түрде сөл бөліне бастайды да, тамақтанып алу керек, деген миға белгі береді. Адамның осындай әлсіз тұсы ешкімге де құпия емес, олар осындай тәсілді мықтап пайдаланып, сауда саттықты дамыта түседі.

            Тоғыздар ережесі. 200-дің  орнына 199 теңге. Бұл жерде іс психологияға да адамның  табиғатына да қатысты. Біз содан оңға қарай оқимыз, сондықтан бағадағы бірінші сандарымызға назарымыз ауады. Дүкендерде мұндай сандардың пайда болуының себебі осы. Сатып алушы есеп берместен, 199 теңгенің тауарын таңдап алады, бірақ басқамен арадағы айрмашылық бар болғаны 1 теңге.

            Екінші тауар тегін. Мүмкін, мұндай акцияға бәріміз де тап болған шығармыз, «біріншісін сатып алсаң, екіншісі сыйға беріледі». Ұсыныс сошалықты тартымды, алайда сіз көп жағдайда екінші сондай тауарға мұқтаж болмаймыз. Оны тегін алу бізді саудаға итермелейді. Осындай тәсілдермен өзге де акциялар өтеді, 50%, 60%,70%,80% және 90%-дық жеңілдіктер. Мұндай жеңілдікпен тауар сатып алумен біз ақшамызды үнемдемейміз, әдетте акцияларды ұйымдастырмас бұрын, тауар бағасын екі есеге көтереді де, сосын акция жариялайды. Осылайша, Сіз ақшаңызды үнедемейсіз, өз бағасына аласыз немесе қымбатқа ұсынасыз.

            Кассаның жанындағы тауарлар. Кезекте тұрғанда біздің назарымызды ұсақ-түйек заттар аударады, дәмділер, тәттілер, біз оларды міндетті түрде сатып алғымыз келеді. Айтпақшы, естеріңізде болсын,  дүкенге бала ертіп апарсаңыз дәл айтамын, ол үлкен қателік болған. Сіздің балаңыз кассаның жанындағы шоколадтар мен сағыздарды, түрлі дәмділерді түртпектеп, алып беруіңізді сұрайды, басыңызды бәледен арашалау үшін қалағанын  сатып алып бересіз.

            Біз бұл мақала тұтынушылар үшін пайдалы болады деген сенімдеміз, бұдан былай супермаркетке барған кезде бөлшек саудадағы маркетингтік стратегияның айлалары мен құлықтары жайлы білетін боласыз. Бұл сізге бюджетіңіздегі бірнеше мың теңгені үнемдеп, керексіз сатып алу құрығынан құтылуға көмектеседі. Ендеше, саудаңыз сәтті болсын!

Шымкент қаласы бойынша

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті

және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің

бас маманы Марат Тулебаев

 Источник: Газета "Айғақ Media", № 14, 20.03.2019 ж.

Изменен: 30.04.2019 09:59