Флаг
Герб

Комитет по регулированию естественных монополий,
защите конкуренции и прав потребителей
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Официальный интернет ресурс

010000 Нур-Султан,
ул. Мангилик Ел 8 подъезды 4, 7, 10
Телефон канцелярии: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Архив новостей

Справочная информация по областям

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Ваше мнение

Прозрачность процесса тарифного регулирования

Новости Комитета

Марат Тулебаев, Главный специалист Департамента Комитета по г. Шымкент о том, что можно вернуть или обменять купленный товар
13.05.2019 15:10

Марат Тулебаев, Главный специалист Департамента Комитета по г. Шымкент о том, что можно вернуть или обменять купленный товар

Алған тауарыңыз көңіліңізден шықпай қалса, не істеу керек? Ал сатушылар мен тауар өндірушілер тұтынушылардың өз құқықтарын қорғай алмайтындығын, білместігін пайдаланып, оларға сапасыз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен заттарын сатып жіберуі әбден мүмкін. Зардап шегетін тұтынушы азаматтар. Алайда бұны заңды жолмен шешуге болады...

Сапалы тауарды 14 күнде қайтаруға болады

Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 14-бабына сәйкес, тұтынушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап 14 (он төрт) күн ішінде сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы (дайындаушы) хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы және осы тәріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастауға құқылы.

Тауарды табанда немесе 30 күнге дейінгі сараптамадан соң қайтаруға болады

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 30-бабының 2-тармағына сәйкес, тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама жасау) қажет болған кезде – тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ауыстыруға міндетті.

      Тиісті емес сападағы тауар соған ұқсас жаңа тауарға, яғни бұрын пайдаланылмаған тауарға ауыстырылуға тиіс.

Қандай тауар қайтарылмайды?

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес, тек, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, іш киімдер, шұлық-ұйық бұйымдар, жануарлар мен өсімдіктер, метрлеп сатылатын тауарлар ғана қайтарылмайды.

Етіктің кепілдік мерзімі қыста басталады

Кез келген тауардың мемлекеттік стандартқа сәйкес бекітілген кепілдік мерзімі болады. Киім-кешекте ол мезгілдік. Яғни, етік алсаңыз бір қыс киіп шығатындай болу керек. Ол аяқ киімді жазда сатып алған болсаңыз да оның мерзімі қыстың бірінші айынан басталады.

Заң бойынша көңілден шықпаған тауарды басқасына ауыстырып ала ма, қайтарып бере ме немесе жөндеп беретін ақысын өтетіп ала ма тек тұтынушының еркінде, өзі шешуі тиіс.

Ал егер тұтынушы алған тауарда ақау болса, оған ұқсас басқасы (аналогы) қанша қымбат тұрса да сатушы айырмасын қосып төлетпей тұтынушыға ауыстырып беруі керек. Сонымен қатар, кепілдік мерзімі соңғы алған тауарға сәйкес ұзартылуы тиіс.

Егер алған тауарыңыздан ақау шықса...

Онда тұтынушы:

  1. Тауарды алған дүкенге барады;
  2. Тауарды ауыстырып не болмаса ақшасын қайтарып беруін талап етеді;
  3. Кепілдік мерзімі бойынша жөндеп беруді талап етеді (тауарға байланысты);
  4. Сатушы тұтынушының талаптарын орындамаған жағдайда мекеменің әкімшілігіне жүгінеді: алдымен ауызша, одан нәтиже болмаса – жазбаша кінә қою (претензиялық) арызын тапсырады;
  5. Тұтынушыға нақты факт керек, сондықтан ол кінә қою (претензиялық) арызын екі данада жазбаша ұсынып, тіркелуін қадағалайды (бір данасы сатушыда қалады);
  6. Кіріс құжат ретінде кіріс нөмірмен тіркелуін қадағалау қажет;
  7. Кінә қою (претензиялық) арызды алған адамның аты-жөні мен арыздың келіп түскен ай күні мен қол қойдырып алу керек (осылайша, заңда белгіленген мерзім өтіп кетсе, претнзиялық арызды мерзімінде әкелгенін растай алады);
  8. Тауарға тәуелсіз сараптама жасатады;
  9. Барлық шығындарын растайтын чектерді жоғалтпау қажет.
  10. Егер сауда орынның әкімшілігі де кінә қою арызындағы тұтынушының талабын орындамаса, тұтынушы азамат бірден сотқа талап-арыз жазады.

Сонымен, тұтынушы сатушы тарапынан заңсыз әрекетке тап болса...

Азаматтар тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктеріне жүгінуге немесе Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Шымкент қаласы бойынша Департаментінен кеңес алуға құқылы. Департаменттің «қауырт желі» телефонының 8 (7252) 53-55-15  нөмеріне қоңырау шалып, тегін құқықтық кеңес алуға болады.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау

комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің

бас маманы Марат Тулебаев

 

Источник: Газета «Айғақ Media», № 15 от 11.04.2019 года

Изменен: 13.05.2019 15:18