Флаг
Герб

Комитет по регулированию естественных монополий,
защите конкуренции и прав потребителей
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Официальный интернет ресурс

010000 Нур-Султан,
ул. Мангилик Ел 8 подъезды 4, 7, 10
Телефон канцелярии: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Архив новостей

Справочная информация по областям

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Ваше мнение

Прозрачность процесса тарифного регулирования

Новости Комитета

Марат Тулебаев, Руководитель отдела Департамента Комитета по г. Шымкент о подготовке туриста-потребителя перед отпуском
25.06.2019 09:40

Марат Тулебаев, Руководитель отдела Департамента Комитета по г. Шымкент о подготовке туриста-потребителя перед отпуском

Еңбек демалысы деген сөзді естігенде тұтынушы сірә, ән айтып, қуаныштан секіргісі келетін шығар. Жағдайы бар азаматтар көбінесе шет елде демалғанды қалайды. Демалыс – бұл әркімнің жеке шаруасы. Бірақ, ыстық, аппақ, жұмсақ құм, шуақты күн және теңіз толқыны адамды қызықтырмай қоймайды ғой? Кез-келген адам мұндай әдемілік пен тыныштыққа қызығады. Бірақ, әдетте осындай армандарды қатаң шындық бұзады. Әрине, шет елде демалған жақсы, бірақ осындай тамаша демалысты ештеңе бұзбас үшін жақсылап дайындалумен бірге құқықтық біліктілік тұрғысынан дайын болуымыз керек. Яғни, өз-өзімізді барлық жағынан қауіпсіздендіруіміз қажет. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік органдары немесе қоғамдық бірлестіктері өз тарапынан осы мәселе бойынша көмектесуге әзір. 

Өзіңіздің еңбек демалысыңызды жоспарлағанда, келеңсіз жағдайларға тап болғыңыз келмесін десеңіз және ол туралы ойлағыңыз келмесе алдын ала біліп алған дұрыс болар. Біріншіден, Сіз Қазақстанның азаматы болғанымен де, басқа елдің аумағында жүрген кезде, сол елдің заңымен жүруге тура келетінін естен шығармаңыз. Заңды білмеушілік туристті жауапкершіліктен босатпайды дегендей, жергілікті заңнаманың негізін барынша оқып білу қажет. Сондай-ақ, кедендік тексеріп қарау, әуекомпанияның, қонақ үйде тұру және тағы да басқа қағидаларды білген абзал. Себебі, қағидаларды білу бізді шектеп қана қоймайды, олар бізге түсініспеушіліктер мен даулы жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі. Егер Сізді сыйласын десеңіз – онда қоршаған ортаны сыйлай біліңіз. Сізге сыйластықпен қарағанын қолдасаңыз, онда сол елдің заңдарын сыйлауыңыз керек.  

Сіздің құжаттарыңыз да міндетті түрде дұрыс болуы керек. Өзіңізбен бірге олардың көшірмесі болғаны дұрыс. Қонақ үйге келгенде құжаттардың түпнұсқасын сенімді жерге қалдырған жөн, мысалға қонақ үйдің сейфінде. Өзіңізбен бірге көшірмесін алып жүріңіз. Бұл жәйт құжаттарды жоғалтып алудан немесе ең сорақысы ұрланудан сақтайды. Қаражаттарды бірге алып жүрудің қажеті жоқ, ең жақсысы қандай да бір бөлігін құжаттармен бірге сенімді жерге қойып кеткен дұрыс. Өзіңізге Қазақстан елшілігінің немесе консулдығының мекенжайын, телефон нөмірлерін жазып алу, төлем түрлері, карта типтері туралы, картаңызда шетелде қолма-қол ақша алуға шектеудің бар немесе жоқтығы туралы алынған ақпараттар – бұл сол елге келген уақытта келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға көмектеседі. Роумингтің құны туралы біліп алған да артық болмас.

Енді демалысқа қатысты айтар болсақ, егер турды сатып алуда турагенттерге жүгінуді жоспарласаңыз Сізге «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1 бабы 2-тармағына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес сатып алынатын тур өнімі туралы толық және нақты ақпарат ұсыну керектігін білгеніңіз жөн. Сондай-ақ, ол қауіпсіз болуы керек. Яғни, олар Сізге саяхатқа аттануды таңдаған елде денсаулығыңыз бен өміріңізге қауіп төндіретін қандай да бір табиғи апаттардың жоқ екендігі туралы міндетті түрде ескертулері керек. Мәселен, жер сілкінісі жиі болады немесе қазіргі уақытта су апаты болып жатыр және т.б.

Сонымен қатар, турфирмамен жасалатын шартпен мұқият танысуыңыз кажет. Шартпен танысу барысында көрсетілген тармақтары түсініксіз болса, онда түсінбей қалған барлық тармақтарды ұялмай сұрап алыңыз және шартта туристік өнімнің қауіпсіздігіне қатысты барлық мәселелердің қамтылғандығын бақылап шығыңыз. Бұл ретте, туристік оператордың (турагенттің) міндеті төменде көрсетілген талаптарды шартта көрсету болып табылады:

-         туроператордың толық және қысқартылған атауы, мекенжайы (орналасқан жері), электрондық мекенжайы;

-         қаржылық қамтамасыз етудің көлемі, туроператордың жауапкершілігін сақтандыру шартының нөмірі, күні және әрекет ету мерзімі, қаржымен қамтамасыз еткен ұйымның атауы, мекенжайы (орналасқан жері), электрондық мекенжайы;

-         туристтік өнім туралы мәлімет, сонымен қатар, туристік өнімді өткізу үшін қажетті көлемде туристік өнімнің басқа да тапсырыс беруші туралы және оның өкілеттіктері туралы мәлімет;

-         теңгемен есептеленген туристік өнімнің құны;

-         туристік өнім туралы ақпарат – келу бағдарламасы, саяхаттау бағыты мен шарттары, соның ішінде орналасу жағдайы туралы, тамақтану және тұру (орналасқан жердің орналасу жағдайы, оның санаты), шарттары туралы, уақытша келген елдегі тұтынушыны тасымалдау бойынша қызметтер, экскурсоводтың (гид), гид-аудармашының және нұсқаушы-жетекшінің болуы, сондай-ақ қосымша қызметтер туралы;

-         тараптардың құқығы, міндеті және жауапкершілігі;

-         туристік өнімді іске асыру туралы шартын өзгерту және бұзу шарттары;

-         орындаушы туристік өнімді іске асыру туралы шарт талаптарын бұзған жағдайда, тұтынушының орындаушыға шағым ұсыну мерзімі және тәртібі туралы мәлімет;

-         туроператордың жауапкершілігін сақтандыру төлемін төлеу туралы талаптарды тұтынушының ұсыну мерзімі және тәртібі туралы мәлімет (сақтандыру туралы мәлімет барынша толық жазылуы керек, сақтандыру компанияларында сақтандыру пакетінің бар болуы мүмкін).  

Ең бастысы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабында туристік өнімді іске асыру туралы шартқа және жалпы кез-келген шартқа тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізуге жол бермейтіндігін есте сақтаңыз. Сондықтан, шарттың қандай да бір тармағы Сіздің құқығыңызды бұзады деп ойласаңыз, Сіз оны қайта қарауды талап ете аласыз.

Шет елде медициналық қызмет көрсету ақылы екендігін ескеру керек, сол себепті басқа мемлекетке саяхатқа шығар алдында тиісті сақтандыру бағдарламасын таңдап, сақтандыру шарттарын түзу керек. Оған ақшаңызды аямаңыз, бұл Сізге тиімді болады. Бұл ретте сақтандыру шартын жасасқанға дейін сақтандыру бағдарламасымен «сақтандыратын» және «сақтандырмайтын» жағдайлар тізбесімен таныса отырып саяхатқа шыққалы отырған елде Сіздің сақтандыруыңыз бойынша кім, қалай қызмет көрсететіндігін білуіңіз керек. Енді барлық ерекшеліктер анықталып,  нақтыланғаннан кейін демалысқа аттануға болады.

            Саяхаттанушы, турист азаматтарға сауатты тұтынушы болуды тілейміз!

М. Тулебаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,

бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша

департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.

Источник: Газета "Айғақ Media", № 24, 12 июня 2019 год.

Изменен: 25.06.2019 09:47