Флаг
Герб

Комитет по регулированию естественных монополий,
защите конкуренции и прав потребителей
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Официальный интернет ресурс

010000 Нур-Султан,
ул. Мангилик Ел 8 подъезды 4, 7, 10
Телефон канцелярии: +7 (7172) 74-34-01, 74-36-69
E-mail: k.kensekremzk@economy.gov.kz

Архив новостей

Справочная информация по областям

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Ваше мнение

Прозрачность процесса тарифного регулирования

Новости Комитета

Наталья Шаяхметова, заместитель руководителя Департамента Комитета по Северо-Казахстанской области о шагах к развитию конкуренции
01.08.2019 17:05

Наталья Шаяхметова, заместитель руководителя Департамента Комитета по Северо-Казахстанской области о шагах к развитию конкуренции

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаған болатын. Сондай-ақ, Президент Үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін барлық рұқсат етілген қызмет түрлеріне тексеріс жүргізіп, оларды қысқарту жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырған еді.

Осыған орай 2020 жылдың 31 жел­тоқсанына дейін квазимемле­кеттік сектор субъектілерін құруға тыйым салынды. Бұл санатқа қыз­метін əлеуметтік салада жəне елді мекендердің тыныс-тіршілігін қам­та­масыз ету саласында жүзеге асы­ратын заңды тұлғалар; жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қай­та ұйымдастыру жолымен оңтай­лан­дыру шеңберінде құрылатын заң­ды тұлғалар; жарғылық капита­лын­да дауыс беретін акциялары­ның елу жəне одан да аз пайызы ква­зимемлекеттік сектор субъекті­ле­ріне тиесілі болатын акционерлік қо­ғамдар; Қазақстан Республика­сы Президентінің тапсырмасы жəне келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалар кірмейді.

Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабы 4-тармағына сәйкес акциялары­ның елу пайызынан астамы мем­ле­кетке тиесілі, өз қызметін Қазақ­стан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кә­сіпорындар мен заңды тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылатын болады.

Квазимемлекеттік кәсіпорынды құру бойынша шешім қабылдай­тын орган монополияға қарсы ұйым­ға өтінішхат жолдайды. Ал жауапты мекеме күнтізбелік алпыс күн ішінде тауар нарықтарын зерт­теп, қорытынды құжаттар дайын­дайды.

Егер бұл шешім нарықтағы бәсе­ке­ні шектейтін болса, акцияла­ры­ның елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі квазимемле­кеттік кәсіпорынды құруға келісім беруден бас тартады. Сөйтіп, бұл мораторий кәсіпкерлік қызметте бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік беретін болады.

Наталья ШАЯХМЕТОВА,

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Источник: http://soltustikkaz.kz/index.php/ekonomi-ka/7497-b-sekelestikti-damytu-adamy

Изменен: 01.08.2019 17:11