Флаг
Герб

Комитет по регулированию естественных монополий
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Официальный интернет ресурс

010000 Нур-Султан,
ул. Мангилик Ел, 8 подъезд 10
Телефон канцелярии: +7 (7172) 74-24-15, 74-22-03
E-mail: kr.kense@economy.gov.kz

Архив новостей

Справочная информация по областям

e96b9ea0e5b67170d51d7342eeb3153f.png

Ваше мнение

Прозрачность процесса тарифного регулирования

Новости Комитета

В Кызылорде голубое топливо не подорожает
04.11.2019 18:52

В Кызылорде голубое топливо не подорожает

«ҚазТрансГаз» компаниясы көгілдір отынның тасымалдау ақысын 22,5 теңгеге көтеретіндерін хабарлаған болатын.

             Жуырда аймақтық «ҚазТрансГаз» компаниясының өкілдері келер жылдан бастап Қызылорда облысында табиғи газ бағасы көтерілетінін айтқан болатын. Бұл ұсынысқа облыс халқы қарсылықтарын білдіріп, әлеуметтік желілерде кеңінен талқылауға ұласты.

Көгілдір отын бағасы не себептен және қаншалықты көтеріледі деген сұраққа компания өкілдері өз уәждерін білдірген еді. Олардың айтуынша, тариф 2020-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында көтерілмек. Осы мақсатта олар табиғи монополияларды реттеу комитетіне өтініш те жасаған. Мәселені қоғам белсенділері жергілікті қоғамдық тыңдауда да талқылаған. Онда «ҚазТрансГаз» компаниясы көгілдір отынның тасымалдау ақысын 22,5 теңгеге көтеретіндерін айтқан. Бұл облыс тұрғындары үшін газдың 18,6 теңгеден 32 теңгеге дейін қымбаттауына әкелмекші. Компания өкілдері осылайша тасымал тарифтерін өсіру арқылы аудандар мен облыс орталығында жоғары қысымды газ құбырларын тартуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Дегенмен қоғамдық тыңдауға келгендер компанияның бұл ұсынысын құп көрмеді.

Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин әлеуметтік желі арқылы «Газ тарифі өспейтіндігін, керісінше төмен түсіруге табиғи монополияларды реттеу департаментімен жұмыс жүріп жатқандығын жеткізді.

«Мен де, облыс тұрғыны ретінде табиғи газдың шекті бағасының қымбаттауына қарсымын», – дейді ол.

Айта кетер жайт, газ тарифінің нақты бағасы 22 қарашада еліміздің Энергетика министрлігінде бекітіледі.

Нұрбек Дәуренбеков

Источник:https://inbusiness.kz/kz/last/kyzylordada-kogildir-otyn-kymbattamajtyn-boldy?fbclid=IwAR2auWZDhMMgUbjSXS3lUAk_UerjPij5jwdT1UV3zxXMlKGYbeBb6m60ZUc

Изменен: 04.11.2019 18:55